№1 балалар музыка мектебінің 35-жылдығының аясында
Композитор, дирижер, ұлағатты ұстаз Мұхаметқали Тналин
атындағы ІІ ашық қалалық «Есілім еркем» өнер байқауы.
2025 жылдың 13 ақпанындағы «Астана қаласы бойынша олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» № 275 бұйрығына сәйкес «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Шабыт» жобасы аясында және №1 балалар музыка мектебінің 35 жылдығына ұйымдастырылуда.
Ұйымдастырушы : Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы,
«№ 1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК
Байқаудың өткізілу мерзімі: 30 мамыр 2026 жыл
сағ: 08:30 – тіркеу сағ: 09.30- басталуы;
Байқаудың мақсаты: Елордамыздың танымал композиторы, күйші, ұстаз Мұхаметқали Тналин шығармаларын насихаттау, музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқаудың міндеті: жас музыканттарды шығармашылыққа тәрбиелеу, отандық композиторлардың шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық саздандыруын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы, сахналық мәдениетін қалыптастыру.
Қатысушылар: Астана қаласы, Ақмола облысының жалпы білім беру ұйымдары, балалар музыка мектептері, өнер мектептері, Оқушылар сарайы, өнер орталықтарының өнерпаздары және 35 жасқа дейінгі педагогтер қатыса алады.
Байқаудың құрылымы: Байқау екі бағытта өткізіледі: жеке орындаушылар байқауы (домбыра, қобыз); ұжымдар байқауы (оркестр, ансамбль).
Жеке орындаушылар байқауы кіші, орта және жоғарғы топтары бойынша жүргізіледі.
Кіші топ : 10-11 жас
Орта топ: 12-13 жас
Жоғары тобы: 14 -16 жас.
Педагогтер: 35 жасқа дейін
- Қатысу жөніндегі сұранымдар 2026 жылдың мамыр айының 15 не дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мектеп электронды мекен жайы бойынша қабылданады; 15 мамырдан кейін келген өтінімдер қабылданбайды!!!
-өтінім ( үлгі бойынша 2-қосымша);
- жеке орындаушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-төлем түбіртегі (Өтінім, туу туралы куәлік, түбіртек толық бірге жіберілуі шарт) Бөлек келген жағдайда және бір неше рет өзгертіп қайталанып келген өтінімдер қабылданбайды!!!!!
Өтінімде көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді; өтінімде қатысушының және жетекшінің аты-жөні дұрыс жазылуы шарт, қате болған жағдайда ұйымдастырушы жауап бермейді және түзетілмейді.
Ата-аналар назарына!
- Байқау кезінде әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жүргізіледі және фотолар салынады.
Байқау әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады.
Бағдарлама талаптары:
Домбыра
Кіші, орта топ:
1.М.Тналинның бір күйі
жоғары топ, педагогтер:
1) М.Тналинның фортепиано сүйемелдеуімен 1 шығармасы немесе өңдеуінде 1 шығарма
2) М.Тналинның 1 күйі
Қобыз
Кіші, орта, ересектер, жоғары топ:
М.Тналинның 1 шығармасы немесе өңдеуінде 1 шығарма
Ансамбль, оркестр
1)М.Тналинның 1туындысы ( күйі, ән, пьеса) немесе оркестрге, ансамбльге өңделген 1 шығарма (күй, ән, пьеса)
Қобызшылар ансамблі
1)М.Тналинның қобызшылар ансамбіліне өңдеген 1 шығарма
Ансамбльдер, оркестрлер
Партитураларды әр жетекші ұжымның мүмкіншіліктеріне, құрамына байланысты лайықтауға болады. Байқауға аспаптар ансамблі, фольклорлық ансамблі, оркестр қатысады. Ансамбльге қатысушылар саны 8 адамнан кем болмауы керек. Оркестрдің саны 30 адамнан кем болмауы керек. Оркестр, ансамбль құрамында 1 оқытушы ғана орындаушы ретінде қатысуға құқылы. Ұжым құрамы жас ерекшелік топқа бөлінбейді.
Әр ұжымның өнер көрсету уақыты 5- минуттан аспауы шарт.
Қазылар алқасы құрамы:
Қазылар алқасына елге танымал өнер қайраткерлері, белгілі ұстаздар шақырылады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.
Марапат: Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар білім басқармасының әр номинация бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, қатысушылар мадақтамамен марапатталады.
Ұйымдастыру жарнасы:
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 107-2630 қаулысына сәйкес байқаудың қатысу жарнасы:
Жеке орындаушылар- 5000 теңге
Ансамбльдер (құрамдағы әр қатысушы) – 1500 теңге (ансамбль қатысушыларының төлемі бір түбіртекпен жіберу шарт)
Әр-түрлі жағдайлармен байқауға қатыспаған оқушылардың төлем ақылары қайтарылмайды.
Төлем төмендегі реквизиттермен жүргізіледі:
Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Желтоқсан көшесі, 36 үй
ЖСН 990540001802
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ816010111000218679 – Ақылы қызметтер шоты.
АҚ «Қазақстан халық банкі»
КБе 16
КНП 859
Төлемді Халық банк мобильді қосымшасымен жасауға да болады!
1.Халық банк мобильді қосымшасын жүктеу; 2. «Платежи»-«Все платежи» бөлімі; 3. «Образование»- «Школы» бөлімі; 4. «ГККП Детская музыкальная школа №1 г. Нур-Султан»; 5.Баланың аты-жөні; 6. «Дополнительное поле» деген жерде Байқау атауын жазу; 6. ИИН (баланың); 7. Сомасы; 8. Төлем жасау.
Домбыраға арналған күйлер тізімі:
1.М.Тналин «Шідері қайыс»
2.М.Тналин «Наурыз»
3.М.Тналин «Әлбекесін ән»
4.М.Тналин «Есілім – еркем»
5.М.Тналин «Күн шалған»
6.М.Тналин «Ізбасар қосбасар»
7.М.Тналин «Дарынгер»
8.М.Тналин «Жақсылық»
9.М.Тналин «Тарлан боз»
https://dmsh1-astana.kz/images/42.pdf
(берілген сілтеме арқылы ноталарды жүктеп алуға болады)
Домбыраға арналған авторлық және өнделген пьесалар
- М.Тналин «Жайлау биі»
- Халық әні «Бипыл» өңдеген М.Тналин
- Ақан сері «Қара торғай» өңдеген М.Тналин
- Абай «Көзімнің карасы» өңдеген М.Тналин
Әр топ тізімдегі күйлер мен шығармалардан қалауы бойынша орындайды.
https://dmsh1-astana.kz/images/43.pdf
(берілген сілтеме арқылы ноталарды жүктеп алуға болады)
Қобызға арналған шығырмалар:
1.М. Тналин Концертштюк
2.М. Тналин Сонатина «Vivente Gaidn»
3.Абай «Айттым сәлем Қаламқас» өңдегендер М.Тналин, Ш.Тналина
- Тәттімбет «Көкей кесті» түсіргендер М.Тналин, Ш.Тналина
- Тәттімбет «Сырнайлы қосбасар» өңдегендер М.Тналин, Ш.Тналина
6.Ақан сері «Қараторғай» өңдегендер М.Тналин, Ш.Тналина
https://dmsh1-astana.kz/images/44.pdf
(берілген сілтеме арқылы ноталарды жүктеп алуға болады)
Оркестрге, ансамбльге арналған әндер мен күйлер:
- М. Тналин «Наурыз күйі
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_006.pdf
- М. Тналин «Шідері қайыс»
https://dmsh1-astana.kz/images/54.pdf
- М. Тналин «Есілім еркем»
https://dmsh1-astana.kz/images/49.pdf
- М. Тналин «Дарынгер»
https://dmsh1-astana.kz/images/60.pdf
- М. Тналин «Ізбасар қосбасар»
https://dmsh1-astana.kz/images/52.pdf
- М. Тналин «Ғасырлар тоғысында»(күй -дивертисмент)
https://dmsh1-astana.kz/images/47.pdf
- М. Тналин «Пастораль»
https://dmsh1-astana.kz/images/56.pdf
- М. Тналин «Жақсылық»
https://dmsh1-astana.kz/images/51.pdf
- Әні М. Тналин, сөзі Е.Иманбаев «Балдырған»
https://dmsh1-astana.kz/images/57.pdf
- Әні мен сөзі М. Тналин «Айтар ой»
https://dmsh1-astana.kz/images/46.pdf
- Әні мен сөзі М. Тналин «Біздің дала»
https://dmsh1-astana.kz/images/58.pdf
- Әні М. Тналин, сөзі Н. Оразов «Домбырамды әперші»
https://dmsh1-astana.kz/images/48.pdf
- Әні мен сөзі М. Тналин «Құлпырған елім»
https://dmsh1-astana.kz/images/53.pdf
- Н.Тлендиев «Саржайлауым» қобыз ансамбліне өңдеген М.Тналин
https://dmsh1-astana.kz/images/44.pdf
- М.Тналин «Жайлау биі»
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_007.pdf
- Халық әні «Гауһартас»
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_001.pdf
- Ақан сері «Қараторғай»
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_002.pdf
- Н.Тілендиев «Жүрегім менің»
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_003.pdf
- Т.Мұхамеджанов «Балалық шақ»
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_004.pdf
- Н.Тілендиев «Өз елім»
https://dmsh1-astana.kz/images/24112025_005.pdf
Тізімдегі шығармалардың ноталары, партитуралары сілтемеде берілген.
Композитор, дирижер, ұлағатты ұстаз Мұхаметқали Тналин
атындағы ІІ ашық қалалық «Есілім еркем» өнер байқауы.
Өтінім
ЖЕКЕ ОРЫНДАУШЫ
|
Қала, аудан
|
Астана қаласы
|
|
Білім беру ұйымының атауын
(толық жазу)
|
№1балалар музыка мектебі
|
|
Білім алушының аты-жөні
(толық жазу)
|
Оналбаев Орал
|
|
Туған жылы, айы, күнін (сандармен жазу) Жас ерекшелігі , тобы
|
02.03.2015ж, 10жас
Кіші топ
|
|
Аспаптың атауы
|
Домбыра
|
|
Шығармалардың авторы, атауы
|
М.Тналин «Дарынгер»
|
|
Хронометраж
|
2мин
|
|
Педагогтің фамилиясы,
аты-жөні (толық жазу) байланыстары
|
Оралов Орал Оралович
8 777 777 77 77
|
|
Концертмейстердің фамилиясы, аты-жөні (толық жазу) байланыстары
|
Оралов Орал Оралович
8 777 777 77 77
|
Композитор, дирижер, ұлағатты ұстаз Мұхаметқали Тналин
атындағы ІІ ашық қалалық «Есілім еркем» өнер байқауы.
Өтінім
ҰЖЫМ
|
Қала, аудан
|
Астана қаласы
|
|
Білім беру ұйымының аталуы (толық жазу)
|
№1балалар музыка мектебі
|
|
Ұжым атауы
|
«Тұмар» домбырашылар ансамблі
|
|
Ұжымның қатысушылар саны
|
12 қатысушы
|
|
Шығармалардың авторы, атауы
|
М.Тналин «Жайлау биі»
|
|
Хронометраж
|
3мин
|
|
Ұжым жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефондары
|
Оралов Орал Оралович
8 777 777 77 77
|
|
Концертмейстердің фамилиясы, аты-жөні (толық жазу) байланыстары
|
Оралов Орал Оралович
8 777 777 77 77
|
Ескертпе: өтінімде көрсетілген қатысушылардың бағдарламасын өзгертуге болмайды.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Желтоқсан к, 36.
Жауаптылар: Оралбаева Жанар Шерхановна, тел. 8-777-421-31-86
Сагатова Айгуль Жайлауовна, тел. 87785158037