МУЗЫКА ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
«ШЫРҚА ДАУЫСЫМ» ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеуі жағдайында оқушыларды халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу. Халық өнері, соның ішінде дәстүрлі ән айту өнері, ғасырдан-ғасырға өмір шежіресі болып жетті, осы мәдени мұрамызды сақтап ары дамыту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қолдауымен, Астана қаласы Білім басқармасы , № 1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен V республикалық «Шырқа дауысым» дәстүрлі ән байқауы өткізіледі.
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Өткізілетін уақыты: 2023 жыл 1 желтоқсан .
Өткізілетін орны: Астана қаласы, «№1балалар музыка мектебі» МКҚК
Тіркелу: 30 қараша 9.00- 17.00дейін (13.00-14.00 түскі үзіліс)
Басталуы: 1 желтоқсан 9.30.
Қатысушылар сахнаға алфавиттік ретпен шығады.
Мақсаты: Ұлтымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі ән мәдениетін насихаттау, жас өнерпаздарды отан сүйгіштікке, өнерге баулу, ұлттық дәстүрге қызығушылығын арттыру.
Байқау талаптары:
1. Байқауға Қазақстан Республикасы облыстарының музыка мектептері және өнер мектептерінің өнерпаздары қатысады.
2. Байқау жеке орындаушылар және ансамбльдер арасында өткізіледі. Ансамбль 8 оқушыдан аспауы керек және жас ерекшеліктеріне бөлінбейді.
3. Әр мектептен 1 ансамбль және бір педагогтан жеке орындаушы 2 өнерпаз қатыса алады.
Жеке орындаушы жас ерекшеліктері:
Кіші топ 8-10 жас,
орта топ 11-13 жас,
жоғары топ 14-16 жас.
Байқаудың шарттары, бағдарламалық талаптар :
Кіші топ - 1. Бір халық әні
2.Қалауы бойынша бір ән
Орта топ – 1.Халық композиторларының әні
2.Бір халық әні немесе терме
Жоғары топ -1. Бір халық композиторларының әні
2. Бір терме
3.Бір халық әні
Ансамбльдер: Қалауы бойынша екі әр түрлі мінезді ән
3. Қатысушылар өтініштерін, туу туралы куәліктің көшірмесін
2023 жылдың қараша айының 16 на дейін ұйымдастыру комитетінің Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен жайына тапсыруға тиіс. (төменде өтінім үлгісі беріледі) 16 қарашадан кейін келген өтінімдер қабылданбайды.
Бағалау критерилері: ән орындауы және тыңдарманға жеткізе білуі, аспапта ойнау шеберлігі; мәнерлігі, дауыс кеңдігі, сахналық мәдениеті (киімі, жүріс-тұрысы.)
- Байқаудың қазылар алқасы құрамына елге танымал өнер қайраткерлері, дәстүрлі әншілер , белгілі ұстаздар шақырылады.
- Қазылар алқасы шешімі түпкілікті, қайта қарауға жатпайды.
- Байқау барысында қазылар алқасы шешімімен әннің толық орындалуы немесе тоқтатылуы (қатысушының ән орындау мүмкіншілігінің белгілі болған жағдайда жартылай орындалуы) мүмкін.
Байқаудың марапаттауы: Марапаттау әр жас ерекшелігіне қарай бөлінеді.
*Бас жүлде
*І орын
*ІІ орын
*ІІІ орын
*«Көрермен көзайымы»
Байқауға қатысқан өнерпаздар және лауреатттар дипломдармен марапатталады. Ансамбльдерге тек ұжымға мақтау қағазы беріледі.
Байқаудың қаражаты: Байқауға қатысу тегін.
Қатысушылардың барлық шығынын жіберуші жақ төлейді (Жолы, тамағы, жатын орны). Қатысушылар қауіпсіздігіне жетекшілері және ата-аналар жауапты.
Өтінім үлгісі
Балалар музыка және өнер мектептерінің оқушылары арасында
V республикалық «Шырқа дауысым» дәстүрлі ән байқауы
Өтінім
Қала, аудан Астана қаласы
Мектеп № «№1балалар музыка мектебі» МКҚК
Жеке орындаушы аты-жөні ,
Ансамбльде (ансамбль атауы, оқушылар тізімі) Оналбаев Орал
Туған күні, айы, жылы, толық жасы 15.10.2014ж, 9жас
Тобы Кіші топ
Шығарманың аты, авторы,
1.
2.
3.
Хронометраж-орындау уақыты 3мин
Жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны , электронды мекен-жайы Оналбаев Орал Оналбайұлы
87774441111, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Басшы аты-жөні МО қолы
Байқауға жауаптылар:
Директордың ТІЖО: Оралбаева Жанар Шерхановна 87774213186
Дәстүрлі ән бөлімінің меңгерушісі: Самал Жұмағалиқызы 87753750373