Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың қалалық іріктеу байқауын өткізу ережесі
Байқауды ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы,
№1 Балалар музыка мектебі
Байқау мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру, республикалық байқауға іріктеу.
Байқау міндеттері: жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;
әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы, қоғамдық тануы үшін мүмкіндіктерін кеңейту;
Балалар музыка мектептерін және балалар өнер мектептерін дамыту, олардың білім алушы тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамытудағы рөлін арттыру;
Байқау Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы, №1Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен онлайн түрде өткізіледі.
Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
1. Байқауға қатысу өтінімі және байқау жұмыстары мектеп басшысы қолымен, 2021жылдың 26 ақпанына дейін мектеп сайты https://dmsh1-astana.kz/kalaly-respublikaly-baj-aular қабылданады.
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
а) қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
б) http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.
2. Байқау нәтижесі 1_dmsh инстаграм парақшасында 2021 жылдың
4 наурызында жарияланады.
Байқауға қатысушылар
3. Байқауға Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің ішекті-ысқылы аспап сыныбы бойынша білім алушылары қатысады.
4. Ұжымдық саздандыруда 1 жетекші дирижер немесе орындаушы ретінде қатыса алады
5. Топ жетекшісінің міндеттері:
- ішекті-ысқылы, аспаптар бойынша байқауға қатысушыларға шығармаларды таңдауға, байқау репертуарын және оны жүзеге асыру үшін қолданылатын техникалық құралдарды анықтауға көмек көрсетеді;
- жұмыстардың күнтізбелік кестесін жоспарлауға жәрдемдеседі, байқаудың бағдарламалық талаптарына сәйкес туындыларды ұсынады, консультациялар өткізеді, келісілген жоспар бойынша жұмыстардың барысын бақылайды;
- топ жетекшісі ұжым қатысушыларының тәртібін, қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылайды және жауапты болады;
- өтінім береді және қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды байқау ұйымдастырушыларына жолдайды.
Байкаудың шарттары мен тәртібі
Ішекті-ысқылы аспаптар оқушыларының қалалық байқауы келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:
1) кіші жас тобы – 10 жасқа дейін (9 жасты қоса алғанда);
2) орта жас тобы – 10 жастан 13 жасқа дейін (12 жасты қоса алғанда);
3) жоғары жас тобы – 13 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).
6.Кіші жас тобындағы ішекті-ысқылы аспаптар номинациясындағы қатысушыларға қойылатын байқаудың бағдарламалық талаптары музыка мектебінің V сыныптан, орта жас тобында – VI сыныптан төмен емес, жоғары жас тобында – VII сыныптан төмен емес білім алушыларға қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
7. Байқауға ішекті-ысқылы аспаптардың солистері http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемені берілген мектеп сайтына ұсынады. Бейне сапалы, бір роликпен тоқтаусыз жазылуы керек. Әртүрлі орындаудан «кесуге» жол берілмейді.
8. Байқауда ансамбль құрамына жоғары сынып оқушылары қатысады. Ансамбльге қатысушылар саны 19 адамнан аспайды. Ұжым ансамблінің құрамында дирижер, концертмейстер және педагог-иллюстратор ретінде педагогтердің қатысуына жол беріледі.
9. Ансамбльдердің байқауына ұжымдар www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемені берілген мектеп сайтына ұсынады. Бұрын сапалы түрде жазылған дайын бейнені тоқтаусыз бір роликпен пайдалануға рұқсат етіледі. Әр түрлі қойылымдардың «кесінділері» қарастырылмайды. Байқау бейнежазбасында аудио-сигналды өңдеусіз сыртқы микрофонды пайдалануға болады.
10. Байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
11. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және барлық қатысушылар мадақтамамен марапатталады.