Бос орынға конкурс жариялау

Хаттама 1

Хаттама 2


1. Директордың бейіндік бойынша орынбасары - 1 бірлік;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және балаларға қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психологияны;


физиология және гигиена негіздерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларын.


Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) білімЛауазымдық міндеттері:
педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
білім беру процесінің сапасын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
педагогтерге инновациялық бағдарламаларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты жүргізеді;
білім алушыларға, тәрбиеленушілер мен жұмыскерлерге жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
оқу сабақтарының кестесін жасайды;
белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
оқу кабинеттерін, аудиторияларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша білім беру үшін жағдай жасайды;
беру ұйымының "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы немесе педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші.


Еңбек ақысының көлемi – 206 000 теңгеден (бекітілген жүктемеге байланысты) басталады.

2. Концертмейстер – 2 бірлік;

Лауазымдық міндеттері: Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркем талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның негіздерін; дидактиканың принциптерін, сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін, жалпы және жеке оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, барлық дәуірлердің түрлі стильдегі және жанрдағы музыкалық туындылардың үзінділерін біріктіруге, оларды редакциялауға және дәстүрлі түрде орындай білуге, оқушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдауға; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды білуге тиіс.

Еңбек ақысының көлемi – 124 000 теңгеден (бекітілген жүктемеге байланысты) басталады.


Құжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

3. Хор мұғалімі – 1 бірлік;
4. Дәстүрлі ән сыныбының мұғалімі – 2 бірлік;
5. Домбыра мұғалімі - 1 бірлік;
6. Скрипка мұғалімі – 1 бірлік;
7. Флейта мұғалімі – 1 бірлік;
8. Фортепиано мұғалімі – 2 бірлік;
9. Музыка теориясы және сольфеджио – 1 бірлік;
10. Эстрадалық ән салу сыныбының мұғалімі – 1 бірлік;
11. Саксафон мұғалімі - 1 бірлік;
12. Жетіген мұғалімі - 1 бірлік;
13. Хореография мұғалімі - 1 бірлік;
14. Прима қобыз - 1 бірлік;


Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады. Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дарынды және талантты білім алушылармен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді. Әдістемелік бірлестік және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысының әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; тәрбиеленушілердің сұранысы мен қызығушылығының даму ерекшелігін, олардың шығармашылық әрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудың ғылыми-техникалық, эстетикалық әрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.

Еңбек ақысының көлемi – 124 000 теңгеден (бекітілген жүктемеге байланысты) басталады.
Қжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Өтінішті жүктеу
- көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі 36, сағат 11.00-де 2024 жылғы 30 қыркүйек күні.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 84 гостя и нет пользователей