Қалалық «Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы» ән байқауы
ЕРЕЖЕ
Өткізілетін уақыты: 27 қазан 2023 жыл
Ұйымдастырушы: Білім басқармасы, №1Балалар музыка мектебі
Байқау мақсаты: Бейбітшілік пен жақсылық,достық туралы, мультфильм және кино әндерін орындау, өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу,педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, олардың шығармашылық қызметін жандандыру.
Аталған байқау жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында өткізіледі.
Қатысушылардың жасы: 8 жастан 17 жасқа дейін.
Байқау талаптары:
Вокал( жеке орындаушы): 8-10жас, 11-13жас, 14-17 жас
Вокалдық ансамбль ( дуэт,трио, вокалдық топтар)
Әр мектептен 1 жеке орындаушы , 1 ансамбль шығару.
Байқауда өнер көрсету «минус» фонограммасымен бір ән орындалады.
Байқауға қатысу шарттары:
Байқауға қатысу үшін: 2023 жылдың қазан айының 19-на дейін байқаудың ұйымдастыру комитетіне Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. эл.почтасына өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін қоса жіберу.(Өтінім нысаны төменде берілген)
Байқаудың қазылар алқасы
Байқауға қатысушылардың өнерін қазақстан Республикасының танымал мәдениет қайраткерлерінен құралған кәсіби мамандар бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.
Бағалау өлшемдері
Орындау шеберлігі, сахналық мәдениеті және артистілігі, репертуардың түрі мен мазмұнының сай келуі, киім үлгісі, байқау бағдарламасының ерекшелігі.
Жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаздар білім басқармасы дипломдармен марапатталады.
Мектеп мекен-жайы: Желтоқсан,36. Байланыс телефон: 314386
ҚАЛАЛЫҚ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ 7 НОТАСЫ»
ӘН БАЙҚАУЫ ӨТІНІМ
Мектеп
Қатысушы аты-жөні, топ атауы
Жас ерекшелігі, туған күні ,айы
Шығарма авторы , атауы, ұзақтығы
Жетекшінің аты-жөні
телефон, E- mail