SMART педагог» қалалық семинары


     2026 жылдың 18 қараша күні мектебімізде «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Астана қаласы қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

    Мақсаты: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибесін жетілдіру.
    Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жана идеялар мен әдістерді талқылады. Нәтижесінде педагогтер білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдердің элементтерін қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қосымша білім беру сапасын арттыруға серпін берді.

«Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудағы үздік педагогикалық тәжірибелер»

2026 жылғы 13 ақпанда  мектебімізде Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудағы үздік педагогикалық тәжірибелер» тақырыбында семинары өтті.
       Семинарға қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинардың мақсаты: қосымша білім беру саласындағы үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату, авторлық оқу-әдістемелік құралдарды таныстыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

      Семинарға мектебіміздің  домбыра сыныбының педагогі Сагатова Айгуль Жайлауовна, фортепиано сыныбының педагогі  Мамышева Наргиза Темуровна инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға арналған бағдарламаларысын көрсетіп  тәжірибелерімен бөлісті.      Қатысушылар семинардың мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кәсіби кездесулердің маңыздылығын ерекше айтты. Аталған семинар музыка саласындағы білім сапасын арттыруға және педагогтердің шығармашылық ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосты.

Ғылыми жұмыс

«2011 жылғы 18 ақпан №407 –IVЗРК» Қазақстан Республикасы заңымен Ұлттық ғылыми кеңес шешімімен «Интеллектуальды ел әлеуеті»гранттық қаржыландыру (2012жылғы 17 тамыз  №10 хаттама), ғылым Комитетінің төрағасының №37 бұйрығымен  - 2012 жылғы 04.09. ғылыми-зерртеу жұмыстарын бюджеттік бағдарлама 055 бұйрығы, «Ғылыми және ғылыми-техникалық  қызмет», 101 бағдарлама «Ғылыми зерттеуді гранттық қаржыландыру» ерекшелік 149 «Өзге қызмет және жұмыс»  негізінде «Балалар музыка мектебінің оқушыларын Қазақстандық патриотизмге этномәдениет дәстүрінде тәрбиелеу: музыкалық қабілеттің қалыптасу мәселелері» тақырыбында ғылыми жоба әзірлеген педагогтар:Канапиева С.Т, Әлпейісова Г.Т., .Борамбаева К.С.,      Корганбекова Ш.Д., Файзулина Ж.Ә.  – «Этносольфеджио» пәнінің оқу бағдарламасы,«Этносольфеджио пәнін оқытудың әдістемелік аспектілері», 1 -  2 сыныптарға арналған пәнінің жұмыс дәптері, «Этносольфеджио пәнінен диктант жинағы» (әндер мен күйлер),    2011 жыл «Балалар музыка мектептерінде білім жүйесін жаңғырту жағдайында оқытудың инновациялық теориялары мен технологиялары»  республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2011 жыл «Дәстүрлі музыкалық өнер және музыкалық қабілеттерді қалыптастыру механизмдері» аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинақтары, 2012 жылы «Музыкалық өнермен білімдегі патриотизм» қалалық ғылыми семинар материалдары,  2013 жылы «Қазақстандағы қосымша біліміндегі мектеп оқушыларының отаншылдық сезімін қалыптастыру: мәселелері мен болашағы» , 2014 жылы халықаралық  ғылыми-практикалық конференция материалдарының  авторлары.

 

  

 

 

Мектебіміз тек Астанаға ғана емес Республикаға танымал деуге болады. Себебі жыл сайын  Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығымен бірлесе отырып балалар музыка мектебінің педагогтарына арналған Республикалық білім жетілдіру курстары өткізіліп отырады.

 

2016 жыл 21қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына және №1Балалар музыка мектебінің 25 жылдығына арналған «Қазақстанның Тәуелсіздігі аясындағы қазіргі заманғы музыка мектебі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2016 жыл 26желтоқсан «Педагогтардың кәсіби дамуын жетілдіру. Тәжірибе алмасу» қалалық семинар өткізілді.

2016 жылдың 19 сәуірде «Klassen Klauiruerke» халықаралық семинар.


2017 жыл – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында
Мұғалімдер А.Е.Абдрахманова, М.Е.Кожахметова «Фортепианоға арналған қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулері» жинағы және «Фортепианоға арналған қазақ халық әндерінің өңдеулері» жинағы шықты , құрастырушы Р.С.Хамитова.

2018 жылдың 17 ақпанында «Законодательное и нармотивное правовое обеспечение дополнительного образования детей » Республикалық конференция өткізілді.

2018 жылдың 27сәуірінде «Ұжымдық саздандыру. Ансамбль, оркестрдегі оқушылармен жұмыс жасау әдістері» қалалық семинар өткізілді.


2018 жылдың 16 мамыр «Традиционная культура в контексте современного художественного образования: проблемы и перспективы» халықаралық веб-конференцияға қатысу.


2019 жылы - «Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына қалалық семинар өткізілді.

2020 жыл – «Алтын ұрпақ» жобасы аясында жалпы орта білім беретін мектептердегі 1-2 сынып оқушыларына арналған «Қазақ би өнері» факультатив сабағының оқу-әдістемелік бағдарламасы.
Құрастырған: Б.М.Секербек , Ж.Рамазан.


2021 жыл –«Қазақстанның Тәуелсіздігі аясындағы қазіргі заманғы қосымша білім беру» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік педагогикалық конференция.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 241 гость и нет пользователей