2020 жылдың 20-30 қараша күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен,
Білім басқармасы және №1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен
ІІ республикалық «Шырқа даусым» дәстүрлі ән байқауы өткізілді.
Байқаудың қазылар алқасы құрамына өнер қайраткерлері, дәстүрлі әншілер , белгілі ұстаздар шақырылады, атап айтсақ:
Қазақ ССр-нің еңбек сіңірген артисі, ҚазҰӨУ аға оқытушысы
Құлыш Қапаш Қабыкенқызы,
ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті дәстүрлі ән салу Пәндік Циклдық комисиясының оқытушысы
Сембаев Толганбай Токтаганович
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік филармония әншісі, халықаралық реапубликалық байқаулар лауреаты. Қазақ Ұлттық Өнер Университеті дәстүрлі ән салу Пәндік Циклдық комисиясының оқытушысы
Мұқан Данияр Рахметоллаұлы
Байқау мақсаты: «Ұлы дала жеті қыры» мақаласы , «Мәдени мұра» бағдарламасын аясында жинақтаған «Қазақтың 1000 әні» жинағын насихаттау барысында халқымыздың ғасыр бойы келе жатқан асыл қазынасын насихаттау, жас өнерпаздарды отан сүйгіштікке, ұлттық дәстүрге, өнерге баулу, талантты, қабілетті оқушыларды таңдау, жас дарынды оқушылармен шығармашылық орта құру.
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде
Есенбай Елхан N2БММ
1 орын Анарбаева Айару N 1БММ
2 орын Ермек Гүлсезім N2БММ,
2 орын Атымтай Аружан N1БММ,
3 орын Ром Нұрайым Қарағанды обл, Топар балалар өнер мектебі.
3 орын Еркін Іңкар N 1ӨМ,
3 орын Тлеуқабыл Досмұхаммед N2БММ.
Орта топ:
Бас жүлде
Абдумуталипова Лаура N1БММ,
1 орын Махмутова Ақнұр N1БММ.,
2 орын Хамзина Айару БҚО,Қазталов ауданы,Жалпақтал балалар өнер мектебі,
2 орын Назар Бақдәулет N1БММ,
2орын Мухамедкаримов Шапағат Алматы облысы, Талғар қалалық БММ.
3 орын Орынбасар Перизат Атырау қаласы, Дамбы өнер мектебі,
3 орын Сағат Сырым N1БММ
Үлкен топ:
Бас жүлде
Бауыржанқызы Нұрай N2БММ
1 орын Құспан Гүлсезім Атырау қаласы, Дамбы өнер мектебі,
2 орын Тонкерис Ұлжан N1БММ,
"Шебер орындаушы" номинациясы бойынша
Наликова Нұрай -Атырау қаласы,
Мухитұлы Мадияр -Талғар қаласы,
Иса Жасмина- N1ӨМ
Жеңістеріңіз құтты болсын! Ата-бабамыздың ертеден келе жатқан мол мұрасын сақтап, асқақтата беріңіздер!

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 191 гость и нет пользователей