2023 жылдың 28 қаңтар жалпы білім беру ұйымдарының би ұжымдары арасында қалалық «Дала өрнектері» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ұлттық би өнерінің танымды болуын насихаттау, оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту, қатысушылардың шығармашылық жетістіктерімен алмасуы, орындаушылар мен ұжымдардың творчестволық қарым-қатынастарын орнату, үздік ұжымдарды анықтау.
Байқау келесі жас аралығында жүргізілді: 7-9 жас – кіші топ; 10-13жас – орта топ; 14-17 жас – ересек топ
Байқауға төрелік етуге би өнерінің майталмандары шақырылды.
Әділқазылар төрағасы: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ ұлттық хореография академиясының Режиссура кафедрасының доценті Мусин Ринат Ильтаевич
Қазылар алқасы мүшелері: Жоғары санатты хореограф, Астана қаласы «Елорда хореографтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Акылова Карлыгаш Апсаттаровна
ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Жұлдыз», «Балалық шақ» медалінің иегері, жоғары санатты педагог , «Бәйтерек» халық би ансамблінің жетекшісі
Байтенова Майя Марденовна
Байқауға 200ге жуық оқушылар қатысты. Атап айтқанда №8 мектеп-лицей ,№24 орта мектеп, №58 мектеп-гимназия, № 61мектеп-лицей, № 67 мектеп гимназия, № 85мектеп гимназия, Ә.Бөкейхан атындағы «Бином» мектебі, №48 мектеп лицей,№59 мектеп-лицей, №87 мекетеп-гимназия ұжымдары қатысты.
Жеңімпаздар және жетекшілер білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 172 гостя и нет пользователей