2024 жылдың 3 мамыр күні Білім басқармасы, №1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен балаларды Отаншылдық сезімге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу, рухты тұлға тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қалалық «Менің елім» патриоттық ән байқауы өткізілді. Сайыста қазылар алқасына Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, өнертану ғылымдарының магистрі, «Астана опера» халықаралық опера академиясының атқарушы директоры, қазақ балалар әндерінің композиторы Айсұлу Тани, Республикалық, халықаралық байқаулар лауреаты. Оң түстік Кореяда шебер сабақтар сертификат иегері, Ресей, Болгария еледрінде өтетін байқаулардың қазылар алқасы мүшесі, меценаттар клубының мүшесі, Қазақстанның белгілі корейлері кітабына енген - Когай Наталья Вячеславовна, халықаралық, республикалық байқаулар лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық өнер» кафедрасының оқытушысы, №1балалар музыка мектебі эстрадалы вокал бөлімімінің меңгерушісі Таженова Гулназ Нұртазақызы шақырылды. Байқауға 7-15 жас аралықтағы кіші, орта , жоғары топ әншілер қатысты. Барлығы-40 оқушы атсалысып өз өнерлерін көрсетті, жүлделі орындарға иеленген және барлық қатсыушылар дипломдармен марапатталды.


Жеңімпаздар:


Кіші топ 7-9 жас
Бас жүлде Цой Виктория «Халықаралық мектеп» мұғалім: Н.Когай
І орын Жомарт Аяла Ы.Алтынсарин ат «Бином»мл мұғалім: А.К.Темиргалиева
II орын Надиров Мухаммад №19 ом мұғалім: А.К.Абиева
ІІІ орын Махсот Мәриям №88мл мүғалім: Н.Ю.Айдарлинова
ІІІ орын Новицкая Виктория ФТЛ «Флагман» мүғалім: Г.А.Ахметова

Орта топ 10-12 жас
Бас жүлде Нұрлыбек Айкерім №68мг мұғалім: С.А.Рахметов
І орын Калимусаев Нұрасыл №70м мұғалім:Қ.У.Едресов
II орын Бекболат Айдана Ы.Алтынсарин ат «Бином»мл мұғалім: Ә.Жұмағалиқызы
ІІІ орын Есенгелді Санжар №2 мг мүғалім: Ә.Жұмағалиқызы
ІІІ орын Қалиақпар Заңғар №38м мүғалім: Казмаганбетова А.М.


Жоғары топ 13-15жас
Бас жүлде Жумагали Айназ Ы.Алтынсарин ат «Бином»мл мұғалім:А.А.Батырханова
І орын Бкейбитияров Нұрдияр №87мг мұғалім:А.Жумаханова
ІІ орын Марат Тілек №89мл мұғалім: Г.К.Карашаева
ІІІ орын Мұратұлы Мақсат №32мг мұғалім: Г.М.Сейдагаламова
ІІІ орын Есенгельдина Айшабибі №78мг мұғалім: Л.М.Жусипова

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 102 гостя и нет пользователей