2025 жылдың 29 қараша күні мектебімізде фортепиано бөлімінде дәстүрлі ХІХ-мектепішілік "Шапшаң саусақтар" этюдтер байқауы  өтті. Бұл байқау жыл сайын жас пианистердің техникалық шеберлігін шыңдап, орындаушылық дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Биылғы додаға әр сыныптан көптеген оқушылар қатысып өздерінің дайындығы мен өнерге деген ынтасын көрсетті.

    Байқауды меткбіміздің ұлағатты ұстазы, педагогика ғылымдарының кандидаты Топоркова Людмила Корнилиевна салтанатты түрде ашып беріп, жас өнерпаздарға сәттілік тілеп, шабытты сөздер арнады.

    Байқау бағдарламасына классикалық композиторлардың түрлі деңгейдегі этюдтері енгізілді. Қатысушылар орындаушылық дәлдік,ырғақ тұрақтылығы, музыкалық ойды жеткізу, сахна мәдениеті бойынша бағаланды. Қазылар алқасы мектебіміздің фортепиано бөлімінің білікті ұстаздары Казамбаев Адиль Алиевич, Мамышева Наргиза Темуровна, Мусатаева Айнур Тохтарбековна шақырылды. Қазылар алқасы әр оқушының еңбегі мен шеберлігін жоғары бағалап, байқаудың деңгейін жылдан жылға өсіп келе жатқанын атап өтті.

     Шара соңында мектеп директорының тәрбие бойынша орынбасары Жанар Шерханқызы Оралбаева қазылар алқасына алғыс білдіріп, байқау қатысушыларын құттықтады. Сонымен қатар байқаудың үзіліс кезінде жас пианистермен викторина өткізіліп барлық қатысушылар шағын сыйлықтармен және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

   Музыка мектебі ұжымы жас пианистерді қолдап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратынын хабарлады.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 69 гостей и нет пользователей