2026 жылдың 26 ақпан мектепте этносольфеджио және қазақ музыка әдебиеті пәндері бойынша аймақтық олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Білім додасының басты мақсаты – оқушылардың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тереңдету және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

       Олимпиаданы ұйымдастыру жұмыстарына музыка теориясы бөлімінің этносольфеджио пәнінің жетекші педагогі, авторлық бағдарламаның құрастырушысы  Ж.А.Файзулина,  қазақ музыка әдебиеті пәнінің педагогтері Д.Т.Ибрагим, О.У.Таскарин жетекшілік етті. Ұйымдастырушылар байқаудың мазмұндық және әдістемелік деңгейде жоғары өтуіне ерекше мән берді.

     Олимпиада барысында қатысушылар этносольфеджио пәні бойынша халық әуендерін нотамен орындау, аузыша диктант, жазбаша диктант домбырамен орындау, күйдің стилін, ырғағын, қағыс түрін, ерекшеліктерді анықтау тапсырмаларын орындады. Ал қазақ музыка әдебиеті пәні бойынша оқушылар қазақтың дәстүрлі музыка өнері, халық композиторлары мен күйшілері, сондай-ақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы олардың шығармалары туралы әнгіме қозғап музыкалық викторинада білімдерін көрсетті.

     Атап айтқанда, қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы сынды қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді. Білім сайысына мектептің әр сыныптарынан дарынды оқушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Қазылар алқасы қатысушылардың теориялық сауаттылығын, музыкалық есту қабілетін және сахна мәдениетін бағалады.

    Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар Білім басқармасының  дипломдарымен марапатталды. Аталған іс-шара жас музыканттардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға және ұлттық өнерге деген құрметін арттыруға зор ықпал етеді.

       Олимпиаданың әділ бағалануын қамтамасыз ету мақсатында тәжірибелі мамандардан құралған қазылар алқасы жұмыс жасады. Қазылар құрамында: Өнертану кандидаты, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Альпеисова Гульнар Туякбаевна, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ -де «Музыка теориясы және оркестрлік дирижерлеу» ПЦК мұғалімі, педагог-модератор.Өнертану магистрі Байханова Самал Даировна, №1балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән айту педагогі, педагог-сарапшы Самал Жұмағалиқызы, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-де “Музыка теориясы және оркестрлік дирижерлеу” ПЦК-сының мұғалімі, Музыка әдебиеті секциясының меңгерушісі, Педагог-модератор, Өнертану магистры- Нигметова Фариза Омирбаевна,«№1 балалар музыка мектебі»ШЖҚ МКК баян сыныбының педагогі Кәдір Гүлһаз Еркінқызы, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, халық аспаптар  ПЦК, педагог-сарапшы Тащанова Венера Турановна шақырылды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 255 гостей и нет пользователей