2026 жылдың  3-4 сәуір   күндері  Астана қаласы Білім басқармасының жалпы білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік мекемелердің оқушыларына  арналған «Шаттық-2026» байқауы туралы ережеге сәйкес Байқау тәрбие саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында, «Адал азамат» бағдарламасын, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын, тәрбиелеу мәселелері бойынша Ұлттық құрылтайдың басымдықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған іс-шараларды ескере отырып өткізілді.

      №1балалар музыка мектебі ғимаратында аталған байқау бойынша вокал- жеке орындаушылар номинациясы бойынша өткізілді. Вокал- эстрадалық және дәстүрлі ән жанры бойынша өтті. Жалпы қатысқан саны -151 өнерпаз.

    Эстрадалық вокал жанры бойынша қазылар алқасы ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» , «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер униеверситетінің  «Вокалдық өнер» кафедрасының профессоры Хамзина Гүлнар Мустахимқызы, К. Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжі Эстрадалық пәндік циклдық комиссия оқытушысы, республикалық және халықаралық байқаулар лауреаты Оспанов Бекзат Жұмажанович, Астана қаласы әкімдігінің №1 балалар музыка мектебі эстрада вокал сыныбының педагогі,  республикалық және халықаралық

байқаулар лауреаты Таженова Гулназ Нұртазақызы, Дәстүрлі ән бойынша  Қазақстанның мәдениет қайраткері, дәстүрлі ән бөлімінің педагогі Мырзабаева Светлана Карашовна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті "Дәстүрлі ән" кафедрасының доценті Сарина Гулмира Айымгазыевна, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті "Дәстүрлі ән" ПЦК төрағасы. Мәдениет саласының үздігі Хамзин Максат АмантаевичAstana IT University жанындағы «AI» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Нүртай Райымбек

 шақырылды. Биылғы байқауда ережеге сәйкес жасанды интеллект қолданылды. Нәтижесінде іс-шара ерекше қызықты әрі мазмұнды өтті.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 64 гостя и нет пользователей