2026 жылдың 2 мамыр күні  Білім басқармасы, №1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балаларды Отаншылдық сезімге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу, рухты тұлға тәрбиелеу  мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының  білім алушылары  арасында қалалық «Менің елім» патриоттық ән байқауы өткізілді.

      Сайыста қазылар Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері,  «Құрмет», «Айбын» ордендерінің иегері  Әлімғазы Құрманбек, К.Байсейітова атындағы қазақ ұлттық өнер университеті эстрада өнері ПЦК-сының эстрадалық ән салу мамандығының оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері, бұкілодақтық, республикалық байқаулар лауреаты  Даулетбақ Майра Тұрлыбекқызы, К.Байсейітова атындағы қазақ ұлттық өнер университеті эстрада өнері ПЦК-сының эстрадалық ән салу мамандығының оқытушысы, халықаралық , республикалық байқаулар лауреаты  Ажмолдаева Асем Егізбайқызы шақырылды.

   Байқауға 7–15 жас аралығындағы жас өнерпаздар қатысып, кіші, орта және жоғары жас топтары , ансамбльдер бойынша бақ сынады. Қатысушылар патриоттық әндерді орындау арқылы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

  Биылғы байқауға жалпы саны 115 оқушы қатысты. Жас әншілердің өнеріне тәжірибелі мамандардан құралған қазылар алқасы әділ бағасын берді.

    Іс-шара барысында қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті және шығарманы көркем жеткізу деңгейі сараланды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды. «Менің елім» патриоттық әндер байқауы жас таланттардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыруға және патриоттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды. 

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 64 гостя и нет пользователей