2026 жылдың  31 мамыр  күні   Білім басқармасы  №1 балалар музыка мектебінің   ұйымдастыруымен Елордамыздың танымал композиторы, күйші, ұстаз Мұхаметқали Тналин шығармаларын насихаттаумузыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру  мақсатында ІІ ашық қалалық «Есілім еркем» өнер байқауы өткізілді.

   Сайыста қазылар алқасы ретінде  Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті,  Дәстүрлі музыкалық өнер факультеті  Домбыра кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенғазиев Бақытжан Бисенбайұлы, Астана қаласы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің әртісі және солисі, қобыз тобының концертмейстері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Хиуаз Доспанова және Ықылас Дүкенұлы медальдары мен мемлекеттік "ҚҰРМЕТ " орденінің кавалері (иегері), күйші, композитор Жүсіпова Жанар Бекетовна,  Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, “Домбыра” кафедрасының оқытушысы, PhD доктор, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, “Дина. Тарту-Сәлемдеме”, “Сейтек. Заман-ай” күй жинақтарының, сондай-ақ Дина шығармашылығына арналған монографияның авторы Тоқтаған Айтолқын Айтжанқызы шақырылды.

   Байқау жеке орындаушылар және ансамбльдер арасында өткізілді. Аталған іс-шарада Елордамыздың музыка мектептерінің ұлт аспаптар оркестрі домбырашылар ансамбльдері қатысты. Жалпы  77 оқушы қатысып өз өнерлерін шыңдап, жүлделі орындарға иеленді.

       Мұхамтеқали Тналин атындағы байқауда барлық қатысушылар Білім басқармасының дипломдармен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Арнайы статуэткаларды ағайдың шәкірттері табыстаса, әр қатысушыға сыйлық ретінде колонкалар берілді. Бұл сыйлықтарға демеушілік жасаған Тналин Дәулет мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, үлес қосқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымызды жеткіземіз.        

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 64 гостя и нет пользователей