Мамыр айының 11 күні сағ:14.00 «Жастар» театрының концерттік залында №1 Балалар музыка мектебінің «Ұлы дала әуендері» атты шығармашылық концерті өтті. Концертке мектеп оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары белсенді қатысты.


«Астана» ұлт аспаптар оркестрі (жетекшісі: Ш.Қорғанбек), «Балауса» фольклорлық ансамблі (жетекшісі А.Сағатова), «Тұмар» қобызшылар ансамблі (жетекшісі:Г.Кентбаева), «Наркескен» домбырашылар ансамблі (жетекшісі: М.Мөңкебаев), «Серпер» домбырашылар ансамблі (жетекшісі: М.Сулейменова), «Ару»би тобы (жетекшісі: Б.Секербек),Үлкен топ пен кіші топ хоры (жетекшісі: Ж.Жапарова), саксофоншылар ансамблі (жетекшісі: А.Момбаева), мектеп түлектерінен құралған «Эстрадалық квартет» (жетекшісі: А.Сүгір), пианистер ансамблі (жетекшісі: Р.Хамитова, М.Кабулова), «Dolce» скрипкашылар ансамблі (жетекшісі: З.Сеитова), «Brilliant flutes» флейташылар квартеті (жетекшісі: Л.Сейтмулина), «Кербез қыздар» жетігеншілер ансамблі (жееткшісі: М.Османова), «Қыздар-ай» дәстүрлі әншілер ансамблі (жетекшісі: С.Жұмағалиқызы), «Қоңыр» қыл қобызшылар ансамблі (жетекшісі: А.Нургалиева), ең кішкентай әншілердің «Вокалдық тобы» (жетекшісі: Г.Таженова), «Унисон» вокалдық тобы (жетекшісі: Р.Ерасылова), сахна төрінде тек оқушылар ғана емес, Халық аспаптар бөлімінің мұғалімдерінен құралған «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі (жетекшісі: А.Әбен) өз өнерлерін паш етті.
Концерттің ашылуында мектеп директоры Б.С.Кыдырманов өз еңбектерін таяңбай сіңіріп, білім, өнер саласында үлестерін көп жылдан бері қосып келе жатқан мектеп ардагерлеріне гүл шоқтарын тарту етті.
«Ұлы дала әуендері» атты шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтіп қана қоймай, мектеп оқушылар мен ата-аналарына және коцертті тамашалауға келген қонақтарға қуаныш,көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 194 гостя и нет пользователей