2023 жылдың 19 қаңтар күні мектебіміздің концерт залында музыкалық іс-шара өткізілді. Өткен 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланған осы орайда мектебіміздің ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылардың «Әр қадам табыс баспалдағы» атты музыкалық қонақжай өткізілді. Аталған іс-шараны ұйымдастырған ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты Топоркова Людмила Корнилиевна.
Мектебіміздің ерекше балалары тек білім саласында ғана емес өнерде де көп дайындықтың арқасында ұстаздары мен бірге үлкен жетістіктерге жетуде. Бүгінгі концертте ұрмалы аспапта Изтилеуов Инсар жетекшісі Аралбаев Ж.Ж., флейта аспабында Ерболат Ерсұлтан, Бижан Амин мұғалімі Джаханов Ш.С., фортепианода Марат Мансур мұғалімі Мусатаева А.Т., Амантай Кәусар мұғалімі Акилова Қ.К., Закария Ербол мұғалімі Абдрахманова А.Е., Мереке Айша мұғалімі Мамышева Н.Т. вокалдан Жапарова Ж.Ж., Нұрланқызы Айзере мұғалімі Мусатаева А.Т., Ергожина Ақбота мұғалімі Топоркова Л.К. және эстрадалық әнмен Дәулеткелді Дінмұхаммед жетекшісі Сүгір А.Т., Тұрмаханбетов Ернур фортепианода жетекшісі Кожахметова М.Е., вокал сыныбынан жетекшісі Канапин А.С., Балалар түрлі ән айтып , шетел және Қазақстан композиторларының шығармаларын орындап қонақтардың қошеметіне иеленді.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 10 гостей и нет пользователей