2023 жылдың 25 сәуір күні елордамыз Астананың 25 жылдығы аясында «Астана көктемі» атты Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында шығармашылық концерт өткізілді. Мектебімізде әр ұстаз елордалық балалар мен жасөспірімдеріміздің музыкалық, эстетикалық қабілетін қалыптастырып, дарынын ұштап, дамытып келеді. Бүгінгі өнер көрсеткен өнерпаздар осы уақытқа дейін талай белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жеткен. Мектепте бүгінгі күні музыканың сан түрлі саласы бойынша мыңнан аса бала өз өнері мен білімін шыңдауда. Түрлі сахнаның төрінен көрініп, өз өнерлерін паш етіп жүрген шығармашылық ұжымымыздың қала мәдениетіндегі орны бөлек. Өнерлі өрендеріміз қалалық, республикалық, халықаралық додаларда бәйгелі болып, қол жеткізіп жатқан жетістіктері де аз емес.
Концерт қонақтары: Астана қаласы Білім басқармасы қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Сарамбетова Гүлфара Бекболатовна, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы, Қосымша білім беру ұйымдары: №2 балалар музыка мектебі директоры – Ли Владислав Владимирович, №3 балалар музыка мектебінің директоры – Лизунков Сергей Вячеславович, №1Өнер мектебі директоры – Сабиев Фархад Кабденович, №2 Өнер мектебінің директоры- Гульмира Жангелді, Балалар көркемсурет мектебінің директоры - Исенова Гульзия Жагипаровна, Әль-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры–Кушибаева Раушан Ганиевна, мектебіміздің ардақты ардагерлері және ата-аналар қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Концертте Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары, күйлері, патриоттық әндері шырқалды. Концертте: Ұлт аспаптар оркестрі жетекшісі Мәкенов Еламан, «Балауса» фольклорлық ансамблі жетекшісі Сагатова Айгуль, «Тұмарым» қобызшылар ансамблі жетекшісі Секимова Самал, «Ақ сұңқар» дәстүрлі әншілер ансамблі жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулет, «Кербез қыздар» жетігеншілер ансамблі, жетекшісі Османова Мадина, «Тілеп Бақсы» қылқобызшылар ансамблі жетекшісі Нургалиева Алтынай, «Ару» би ансамблі жетекшісі Секербек Багдина, Нурбекова Гульбара, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мусин Ринат, «Алау» хор ұжымы жетекшісі Жапарова Жанара, «Dolce» скрипкашылар ансамблі жетекшісі Сеитова Зауре, үрлемелі аспаптар оркестрі жетекшісі Мухамедияров Асхат, эстрада вокал бөлімінің «Ерке» вокалдық тобы, «Дарын» тобы жетекшісі Таженова тамсандырды. Фортепианода Садыкова Томирис, жетекшісі Мамышева Наргиза Темуровна, және флейтада Жунусов Диар жетекшісі Джаханов Шамиль дуэт болып В.Солтан «Элегия» шығармасын орындап қошеметке иеленді. Концерт әсерлі және қызықты өткізілді.

"Астана көктем - 2023" шығармашылық концертінің фотосуреттерін жүктеу 1-бөлім

"Астана көктем - 2023" шығармашылық концертінің фотосуреттерін жүктеу 2-бөлім

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 229 гостей и нет пользователей