2023 жылдың 10 наурыз  күні мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Габдуллина Қымбат,  Мәкенов Еламан Дулатбекұлының жетекшілігімен «Кербез сұлу» жеке шығармашылық концертін өткізді. Мектеп қабырғасында үйренген бірталай күйлерін көрермендерге паш етті. Концертте күй атасы Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Мәмен, Әшімтай сынды ұлы композиторлардың күйлері орындалды. Сонымен қатар аталған іс-шара Қымбаттың сыныптастары, достары да концертке атсалысып өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ: «Ақсұңқар» домбырашылар ансамблі жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулет Түгелбайұлы, жетігенде Мұратханова Наргиздың орындауында Бауыржан Бекмұханбеттің «Алтыныма» шығармасын , «Наз қоңыр» ансамблі Ермұрат Үсеновтың «Кербез сұлу» шығармасын және ұстазымен бірге күй шашуын тамашаладық.       Кеш соңында мектеп директоры Кыдырманов Болат Сапабекович, Қымбаттың алғашқы ұстаздары Омарова Эльмира Барлыбаевна, Балабекова Самал Гинаятовна, қатысқан ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, қошемет көрсетті.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 62 гостя и нет пользователей