2023 жылдың 3 қазан  күні Ұстаздар күні аясында мектебіміздің Ардагерлерін және ұстаздар қауымын  құттықтау кеші өткізілді. Концертімізді құттықтау сөзімен мектеп директорының міндетін атқарушы  Мырзакулова Урлай Жанабаевна, бастап ардагерлерімізге сый-сыяпат көрсетіп сонымен қатар кәсіподақ төрайымы Балабекова Самал Ғинаятқызы да өз тарапынан құттықтап, іс-шара мектебіміздің оқушылары және жас мамандардың концертімен жалғасты. Іс-шара  кезінде мектебіміздің ұстаздары Білім басқармасы, «Астана дарыны» орталығы, «Әділет» кәсіподақ комитетінің  Алғыс хаттарымен марапатталды. Концертте «Серпер» домбырашылар ансамблі жетекшісі М.А.Сулейменова, мектебіміздің 2016 жылғы түлегі Қадырбек Елнұр,  мектебіміздің жас педагогтары Шамиль Джаханов, Диана Турсунова, Мамышева Наргиза, Аристанов Кайрат  және эстрада вокал оқушылары «Дарын триосы» өнерлерін көрсетті. Концерт жоғары деңгейде өтіп, оқушыларымыз  ардагерлердің, мектеп ұстаздарының  ықыласына бөленді.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 46 гостей и нет пользователей