Республика күні басты ұлттық мереке ретінде шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналуы тиіс» Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 23 қазан күні мектебімізде «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы аясында аталған жобаның қойылған мақсат міндеттер арқылы өз Отанына деген мақтаныш сезімін, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын одан әрі байыту. Осы орайда мектебімізде елдің, халықтың бастауларына, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, бәсекеге қабілеттіліктерін қалыптастыруға шығармашылықтарын арттыруда «Менің елім Қазақстан» атты концерт өткізілді. Концертте "Серпер" домбырашылар ансамблі жетекшісі М.А.Сулейменова, "Ақсұңқар" дәстүрлі әншілер ансамблі жетекшісі Н.Т.Ахмедияр, "Ару" би ансамблі жетекшісі Г.К.Нурбекова, "Есіл толқыны" домбырашылар ансамблі жетекшісі Ә.М.Сыздықбай, «Алау» хор ұжымы жетекшісі Л.К.Тихонина, «Көркемай» қобызшылар ансамблі жетекшісі С.Б.Секимова, жетігеншілер дуэті, жеке орындауда Утешева Айсана жетекшісі А.В.Лебедев, Ким Софи жетекшісі А.А.Маулетова, Марат Айзере, «Дарын» триосы жетекшісі Г.Н.Таженова. Концерт жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар көрермендер қошеметіне бөленді. Концертті жүргізген мектебіміздің педагогі, дәстүрлі әнші Бегасилов Рахат Әбсеметұлы.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 56 гостей и нет пользователей