2025 жылғы 5 қыркүйек №1 балалар музыка мектебінде 1-2 сынып оқушыларына арнап «Қауіпсіздік мәдениеті» атты танымдық лекция ұйымдастырылды. Лекцияға Астана қаласы ПД ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Ергешева Айзада Ерғалиқызы шақырылды.
Іс-шара мақсаты – балаларға қауіпсіздік ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде түсіндіру, күнделікті өмірде өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін үйрету болды. Сабақ барысында мынадай маңызды тақырыптар қамтылды:
- Жолда жүру ережелері ?
- Бейтаныс адамдармен сөйлесудің қауіптері ?
- Үйде және мектепте қауіпсіздік сақтау ??
Іс-шарада қауіпсіздік жайлы суреттер көрсетіліп, сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.
Балалар өз ойларын бөлісіп, қауіпсіздік туралы көп жаңалық білді. Сабақ соңында оқушыларға «Жол қауіпсіздігі» бояу дәптері (стикерлер) табысталды.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары- Ж. Оралбаева




