2025 жылдың 1 қазан  күні мектеп қабырғасында Қарттар күніне арналған салтанатты концерт өтті. Шара мектебіміздің дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен мектептің еңбеккерлерін құрметтеу мақсатында ұйымдастырылды.

       Концерттік бағдарламада мектебіміздің оқушылары, ұстаздары және шығармашылық ұжымдары қатысты. Көрермендер назарына қазақтың дәстүрлі күйлері, вокалдық және аспаптық шығармалар ұсынылды.

       Сахнада жас өнерпаздар үлкен үлкен жүрекпен өнер көрсетіп, ардагер ұстаздарға алғыс пен құрметтерін музыка арқылы білдірді. Ардагерлерге мектеп әкімшілігі атынан гүл шоқтары  табысталды.

      Шара барысында мектеп директоры Калиева Жанар Сериковна сөз алып, ұстаздарға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және шығармашылық шабыт тіледі. Сонымен қатар мектебіздің жұмыскері Данекеров Серік ағайға оқу-ағарту миннистрлігінің Алғыс хатын табыстады.

    Бұл кеш-ұрпақтардың сабақтастығының, ұлағат пен құрметтің жарқын көрінісі болды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 50 гостей и нет пользователей