2026 жылғы 29 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және №1 балалар музыка мектебінің 35 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлар пернесі» концерттік жобасының қорытынды кеші өтті. Жыл бойы жалғасқан бұл ауқымды шығармашылық бастама биыл «Ғасырлар пернесі: Үш дәуір әуені» атты есеп беру концертімен түйінделді.

    Концерт аясында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ерекше аталып өтті. Оның шығармашылығы мен ұлттық музыка мәдениетіне қосқан зор үлесі жайлы тағылымды естеліктер айтылып, туындылары орындалды.

    Мектептің тарихына шолу жасалып, оқу орны ашылған алғашқы жылдары еңбек еткен ұстаздар құрметпен еске алынды. Атап айтқанда, алғашқы мектептің қабырғасын қалаушы, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» Сулейменов Оспан Сұлейменұлы және көп жылдар бойы директор қызметін атқарған «Мәдениет саласының үздігі», «Еңбек ардагері» Канапиева Саулеш Төлегенқызы есімдері ерекше ілтипатпен аталып өтті. Алғашқы жылдары  мектептің қалыптасуына үлес қосқан өзге де алғашқы педагогтердің есімдері директорлармен бірге аталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды. Кеш барысында қазіргі таңда мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрген ұстаздар да сахна төріне шақырылып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

     Мерекелік кештің құрметті қонақтары да сахна төріне көтеріліп, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Абишева Гульнара Абрахмановна және Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары Федерацияларының президенті Ақшолақов Болат Оралұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі. Құттықтау барысында мектептің  директоры Калиева Жанар Серікқызын сахна төріне шақырып,  жылы лебіздер мен алғыс сөздер арналды.

   Концерттік бағдарлама аясында мектебіміздің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары өнер көрсетті. Атап айтқанда, Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Серпін» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Сүлейменова М.А.), «Дулыға» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Бертысов Ж.Т.), «Сырлы саз» 2 сынып оқушыларынан құралған домбырашылар ансамблі (жетекшісі А.Т.Каирбекова, Ә.М.Сыздықбай, Т.К.Шерьязданова, Ж.М.Исинтаева) «Қыздар-ай» дәстүрлі әншілер ансамблі (жетекшісі С. Жұмағалиқызы), сонынмен қатар  кішкентай дәстүрлі әншілердің орындауындағы ән шашу көрермендерге ерекше әсер сыйлады, жетекшісі Н.Т.Ахмедияр. Сондай-ақ «Шабыт» қылқобызшылар квартеті (жетекшісі Жеңісбекова А.Е.), «Tomiris Fusion» қобызшылар ансамблі (жетекшісі Сатина М.Н.), пианистер ансамблі (жетекшісі Хамитова Р.С.,  Сейтканова М.М.), «Дольче» скрипкашылар ансамблі (жетекшілері З.Д. Сеитова, Д.Т.Сеитов), саксофоншылар ансамблі (жетекшісі Р.Р. Давлетбаева, Төлеген И.Г.), «Ару» би ансамблі (жетекшілері  Г.К.Нурбекова, С.С.Гумарова, Р.И.Мусин) жоғары деңгейде өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама аясында сондай-ақ  Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мынтаевтың жетекшілігімен жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кештің көркемдік мазмұнын толықтырды.

    Жеке орындаушылар қатарында Байқоңыр Айша скрипкада (сүйемелде В.Т.Тащанова) Брусиловскийдің «Бозайғыр» шығармасын керемет орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар, фортепианода Алдоңғар Әди (жетекшісі Абдрахманова А.Е.) өнер көрсетсе, эстрадалық вокал бойынша «Дарын» тобы (жетекшісі Таженова Г.Н.) мен «Илигай» тобы (жетекшісі Ә.Жұмағалиқызы) өз өнерлерін паш етті.

    Кеш жүргізушілері – мектеп педагогтары Рахат Әбсеметұлы Бегасилов пен Сатина Мадина Нұржанқызы концерттің мазмұнын үйлесімді жеткізіп, көрермен мен сахна арасындағы байланысты шеберлікпен үйлестіре білді.

    Концерт мектептің «Алау» жоғары хор (жетекшісі Имухамебетова А.М.) мен «Қарлығаш» кіші хор ұжымы (жетекшісі Жапашева А.Ж.) орындауындағы мектептің «Ұлттық өнер ордасы» гимнімен қорытындыланды.

     «Ғасырлар пернесі:Үш дәуір әуені» кеші – өнер мен тәрбиені ұштастырған, жас таланттардың шығармашылық жетістіктерін айқындаған тағылымы мол мәдени шара ретінде көрермен жүрегінен орын алды. Іс-шараға мектептің барлық педагогтары, өнерпаздары мен филиалдарда білім алатын оқушылар белсене қатысып, концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кеш барысында орындалған музыкалық туындылар көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болып, ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді. Мұндай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени дамуына серпін беретіні сөзсіз.

     Аталған концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өтуіне қолдау көрсеткен мектептің директоры Калиева Жанар Серікқызына  және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Мырзакулова Урлай Жанабайқызына, Серкербек Багдина Мейрамқызына  ерекше алғыс білдіреміз. Олардың ұжымдық еңбегі мен ұйымдастырушылық қолдауы жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған тағылымды кештің табысты өтуіне негіз болды.

                

Астана қаласы әкімдігінің   «№1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК директордың тәрбие жөніндегі орынбасары  Ж. Оралбаева

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 4 гостя и нет пользователей