2026 жылдың 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт рухы» атты салтанатты лекция-концерт өтті!

       Іс-шара барысында көк байрағымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыздың қадір-қасиеті дәріптеліп, мектебіміздің дарынды өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Сахнада қасиетті домбыраның күмбірлеген күйі төгіліп, жүректі тербейтін патриоттық әндер шырқалды. Қос ішектің үні мен әсем әуен кешке ерекше рух пен айбын берді!

     Осы  күннің басты марапаттары:

Өнер биігінде: Республикалық жас музыканттар байқауында мектебіміздің намысын қорғап, өнер көрсеткен дарынды музыкант оқушыларымыз арнайы Сертификаттармен марапатталды!

   Білім додасында: Оқу жылын үздік нәтижемен аяқтаған, мектебіміздің мақтанышы болған оқу озаттарына салтанатты түрде Мадақтамалар табыс етілді!

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 4 гостя и нет пользователей