Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің жас музыканттары арасында «Жас талап» қалалық байқауы
ЕРЕЖЕ
2025 жылдың 13 ақпанындағы «Астана қаласы бойынша олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» № 275 бұйрығына сәйкес «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Шабыт» жобасы және «Сарыарқа саздары мен әуендері» жобасы аясында ұйымдастырылуда.
Байқаудың өткізілу мерзімі: 2026 жылдың 11 желтоқсан.
Өтетін орны: №1балалар музыка мектебі, Желтоқсан к,36
Байқаудың мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқаудың міндеті: жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, ұлттық өнерге деген жеке қызығушылығын тәрбиелеу; ұлттық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық топтарды дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруын, сахналық мәдениетін қалыптастыру.
Байқау өткізу тәртібі мен шарттары:
Байқау екі бағытта өткізіледі: жеке орындаушылар және ансамбльдер (аспаптық жанр және дәстүрлі ән).
Жеке орындаушылар келесі жас ерекшеліктер бойынша тыңдалады:
- кіші топ 8 жастан -10 жас
- орта топ 11жастан – 13 жас
- жоғары тобы 14 жастан - 16жас.
Ансамбльдер топқа бөлінбейді және ансамбль құрамының саны 8ден кем емес және 15 қатысушыдан аспайтын болу шарт.
Мектептен байқауға әр педагог 2 өнерпаз ғана қатыстыра алады.
Бағдарлама талаптары:
Аспаптық жанр:
Домбыра - Тәттімбет Қазанғапұлының -1 күйі
Қалауы бойынша төкпе -1 күй
Қобыз - Ықылас Дүкенұлы -1күй
қалауы бойынша -1 шығарма
Қыл-қобыз - Ықылас Дүкенұлы -1күй
халық композиторларының -1күйі
Жетіген - 1 халық әні,
қалауы бойынша 1 күй
Сазсырнай - 1 күй,
қалауы бойынша 1 шығарма
Дәстүрлі ән сыныбы – Халық әні -1 әні
Арқа өңірінің 1 әні (Біржан сал, Ақан сері,Үкілі Ыбырай, Мәди т.б )
Ансамбльдер - Байқауда ұжымның өнер көрсету бағдарламасына әртүрлі сипаттағы екі шығарма (күй, ән, пьеса), олардың бірі – Арқа өңірінің композиторларының 1күйі (Тәттімбет, Тоқа, Әбди, Қыздарбек, Сембек, Аққыз, К.Күмісбеков т.б).
Бағалау критерийлері:
-орындаушылық шеберлік, әртістілігі;
-шығарманы жеткізе білуі, жас ерекшелігіне сәйкестігі.
-сахна мәдениеті ( жүріс -тұрысы, концерттік киімі)
Марапаттау: Байқаудың қазылар алқасы мәдениет және өнер саласының мамандары, кәсіби педагог- орындаушылардан құралады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті, қайта қаралмайды және хаттамамен бекітіледі. Байқау барысында қазылар алқасы шешімімен шығарманы толық орындалуы немесе тоқтатылуы (қатысушының ән орындау мүмкіншілігінің белгілі болған жағдайда жартылай орындалуы) мүмкін.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар әр жас тобы бойынша анықталады, Бас жүлде І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және барлық қатысушылар мадақтамамен марапатталады.
Ата-аналар назарына!
- Байқау кезінде әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жүргізіледі және фотолар салынады.
Құжаттар тапсыру:
- байқауға қатысу үшін 2026 жылдың қараша айының 30 на дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мектеп электронды мекен-жайына келесі құжаттарды жіберу:
-Өтінім (берілген үлгі бойынша, қосымша-1), жеке орындаушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-Төлемақы түбіртегі. (Өтінім, туу туралы куәлік, түбіртек толық бірге жіберу және ансамбль қатысушыларының төлемі бір түбіртекпен жіберу шарт)
Барлық құжат бөлек келген жағдайда және бір неше рет өзгертіп қайталанып жіберілген өтінімдер қабылданбайды!
30-шы қарашадан кейін келген өтінімдер қабылданбайды!
Ұйымдастыру жарнасы:
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 107-2630 қаулысына сәйкес байқаудың қатысу жарнасы:
Жеке орындаушылар - 5 000 теңге
Ансамбльдер ( құрамдағы әр қатысушы) - 2000 теңге
- Түрлі жағдайлармен қатыса алмаған өнерпаздардың төлем ақысы қайтарылмайды.
Төлем төмендегі реквизиттермен жүргізіледі:
Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Желтоқсан көшесі, 36 үй
ЖСН 990540001802
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ816010111000218679 – Ақылы қызметтер шоты.
АҚ «Қазақстан халық банкі»
КБе 16
КНП 859
Төлемді Халық банк немесе Каспи мобильді қосымшасымен жасауға да болады!
1.Халық банк мобильді қосымшасын жүктеу; 2. «Платежи»-«Все платежи» бөлімі; 3. «Образование»- «Школы» бөлімі; 4. «ГККП Детская музыкальная школа №1 г. Нур-Султан»; 5.Баланың аты-жөні; 6. «Дополнительное поле» деген жерде Байқау атауын жазу; 6. ИИН (баланың); 7. Сомасы; 8. Төлем жасау.