2021 жылдың 12 қараша күні дәстүрлі ән бөлімінің ұйымдастыруымен ұлтымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі ән мәдениетін насихаттау, жас өнерпаздарды отан сүйгіштікке, өнерге баулу, ұлттық дәстүрге қызығушылығын арттыру, қазақтың аса көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың мерейіне арнап әндерін дәріптеу мақсатында ІІІ республикалық «Шырқа дауысым» дәстүрлі әншілер байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Аталған іс-шарада ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық, респібликалық, Ғ.Құрманғалиев, М.Мералиев байқауларының жеңімпазы Мырзабаева Светлана Карашовна, №1Өнер мектебінің дәстүрлі ән сыныбының педагогі Ахмедияр Нұрдәулет Түгелбайұлы, №1БММ дәстүрлі ән бөлімінің меңгерушісі Самал Жұмағалиқызы төрелік етті.
Байқауға кіші, орта, жоғары топ арасында 21 оқушы қатысып өз өнерлерін көрсетті, жүлделі орындарға иеленіп дипломдармен марапатталды.

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 4 гостя и нет пользователей