2023 жылдың 1 қыркүйегінде  мектебімізге өнер майталмандары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, профессор Карима Сахарбаева, Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат"орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов "Домбыра сазы" атты оқулықтарының бірінші бөлімінің тұсаукесерін өткізді.  Аталған іс-шараға елордамыздың өнер жолындағы ұстаздар қатысып қошемет білдірді.             Күйшілік өнерге арналған бұл кітап музыка мектептері, өнер мектептерінің ұстаздарына, оқушыларына үлкен көмекші құрал болып табылады.     Мектебіміздің қонақтары осы кітап авторлары Елорда музыка және өнер мектептеріне осынау оқулықтарын сыйға тартты. Осындай баға жетпес, құнды сыйлықтарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жана берсін!

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 92 гостя и нет пользователей