2023 жылғы 2 қараша күні «Сапалы білім мен тәрбие беру – мектептің басты ұстанымы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте құндылықтарға негізделген тәрбие мәселесі көтерілді. Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап, құндылықтарын негізге ала отырып әдептілік, жауапкершілік, ұлттық мұра мен мемлекеттік тілді қастерлеу қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін сынып сағаттарын, тәрбие сағаттарын, дөңгелек үстел өткізу ұсынылды. Астана қаласы «Әдістемелік орталық» психологиялық қолдау бөлімінің әдіскері Хамзина Кульпан Мухтаровна «Жақсы көңіл-күй формуласы» тақырыбында педагогтарға арналған тренинг элементтерімен педагогтарға шабыт беріп топтық сабақ тренингін өткізді.
Күн тәртібі:
1.№1 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.Мырзакулова У.Ж
2.«Педагогтарды аттестаттаудың өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» аттестаттаудан өтудің жаңа форматын түсіндіру, ақпараттандыру. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорының орынбасары Есжанова Гүльназ Мылтықбаевна
3. Педагогтарға арналған тренинг элементтерімен топтық сабақ. «Жақсы көңіл-күй формуласы». Астана қаласы «Әдістемелік орталық» психологиялық қолдау бөлімінің әдіскері Хамзина Кульпан Мухтаровна.
4. «Ұстаз жолы – ізгілік пен адалдық» директордың міндетін атқарушы Мырзакулова У.Ж
5.Филиалдарда білім беру бағдарламаларының орындалу сапасы. Бірінші тоқсан қорытындысы- филиал меңгерушісі Айманов Б.И
6. «Тәртіп – тәрбие бастауы» педагогтардың лауазымдық міндеттерімен таныстыру. Қамқоршылық кеңес қайта сайлау – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оралбаева Ж.Ш.
7. Аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімін анықтау. Хореография бөлімі бойынша директордың орынбасары Б.Секербек