2023жылдың 7-8 желтоқсан күндері "Әдістемелік орталығы" МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес "Тәттімбет атындағы №1өнер мектебі" МҚКҚ қосымша білім беру ұйымдарының педагоготарымен білім алушылардың "Академиялық ұтқырлық аясындағы ""Озық тәжірибе- ортақ қадам" атты аймақтық семинар-практикум өтті.
Мектебімізде "Қазақтың ұлттық өнері-ұлттық рухы" тақырыбында Домбыра бойынша 1- секциялық алаң өткізілді. Үйлестіруші "Тәттімбет атындағы №1өнер мектебінің домбыра сыныбы педагогі Ныгметова Ляйла Каскырбаевна. Алғы сөзді "№1балалар музыка мектебі"МКҚК директордың м.а. Мырзакулова Урлай Жанабаевна бастап семинарды "Күй мектептері" тақырыбында Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор- Жүзбай Жаңғали Әлімханұлы жалғастырды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласы Қазанғап атындағы өнер мектебінің домбыра сыныбының педагогі, педагог-зерттеуші Туремуратова Ақтоты Ерболатовна, Екібастұз қаласы, Естай атындағы Балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Тохан Қайрат, Өскемен қаласы, №1балалар музыка мектебі, жоғары санатты домбыра сыныбының педагогі Ескендирова Бағдат Құмарғалиқызы, Астана қаласы "Тәттімбет атындағы №1өнер мектебінің домбыра сыныбының педагогі Исаева Роза Калымбаевна, Қарағанды қаласы №2балалар өнер мектебінің жоғары санатты домбыра сыныбының педагогі Мукашева Жанар Аманжоловна және Астана қаласы №1балалар музыка мектебінің педагогі, педагог-сарапшы Сулейменова Мөлдір Айдынбекқызы «Б.Ақтаев «Алаш аманаты күйінің орындаушылық техникасын шеберлігін дамыту» тақырыбында шебер-сабақтар көрсетті.
Сонымен қатар мектебіміздің педагогі, педагог-зерттеуші, өнертану магистрі, PhD докторанты Ибрагим Дана Тургуновна 4-секция бойынша «Сольфеджио сабағында интерактивті әдістерді қолдану жолдары» шебер сабағын өткізді. 8-секция бойынша хореография сыныбынан педагог-зерттеуші, Республикалық "Үздік педагог-2021" жеңімпазы Секербек Багдина Мейрамовна – «Халықтық-сахналық биіндегі элементтерді біріктіріп дұрыс қолдану» тақырыбында шебер сабақ өткізді.