2023 жылдың 14 желтоқсан күні Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп - гимназиясында өткен "Тәуелсіздік таңы" атты патриоттық мәні зор іс-шараны ұйымдастырып өткізді. Аталған кешті қалалық Білім басқармасы Әдістемелік орталығы ұжымы мен директоры Сындар Маратовна және қалалық "Әділет" кәсіподақ ұйымының төрағасы Батыр Әлиевке, Астана қаласы "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, КММ ұжымы мен директоры Мадибаева Гульбадан Сактаповнаға, Астана төріндегі жүз он бес жылдан артық тарихы бар "Жамбыл Жабаев" атындағы "Қасиетті қара шаңырақ" ұжымына және директоры Бақытгүл Амангелдіқызына жанашырлықпен мектеп залын беріп, "Мәдениет маржанын кие тұтқан ұстаз" атты көрме ұйымдастырғаны үшін және №1 БММ ұжымы мен директордың м.а. Үрлай Жанабайқызына, Астана қаласы "Елорда билер кеңесі" қоғамының мүшелері және Бас биі Ануарбек Ералы атынан баршаңызға мыңда бір алғысымызды білдіреміз!!!
Кештің құрметті қонақтары:
-Сазгер, күйші, мәдениет қайраткері, мемлекет сыйлығының иегері, академик Секен Тұрысбеков.
-«Ғажайып Қазақстан» газеті мен журналының редакторы, "Елорда Билер кеңесінің" мүшесі Сайлау Тынысбеков.
-Суретші, дизайнер,компьютерлік графика режиссері, аниматор,толықметражды көркем фильмдерді қоюшы-суретші «Ғажайып Қазақстан» журналының меншікті тілшісі, фотограф, актер, ҚҰӨУ «Кино және ТВ» кафедрасының доценті, кинематографистер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Біргебай Айдарұлы Жүнісбеков. Кеште желтоқсан оқиғасына қатысқан бірталай кісілер қатысты.
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ БАТЫРЛАРЫ.
-«Сәкен Сейфуллин» мұражайының директоры, ғалым, тарихшы Марат Әбсәмет, №16 мектеп директоры Сәуле Мыңшалқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Иманбекова Сағадат Бердібекқызы, кешті жүргізген Бекмұрат Өмірбек — № 94 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың міндетін уақытша атқарушы, «Алаш» төсбелгісінің иегері, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты,«Жас дәурен»,«Қазақтың жыры — мұратым» жыр кітаптарының авторы. Кеш соңында Оспан қажы Сүлейменұлының «Бас ием желтоқсан ерлеріні» атты өлеңін 1-ші БММ ұстазы Бауыржан Омаров барша желтоқсаншыларға арнады.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 21 гость и нет пользователей