2025 жылы 20 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «№1 Балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК 35 жылдығы аясында «Ғасырлар пернесі» іс-шаралар циклы желісі бойынша халық ақыны Иса Байзақовтың 125 -жылдығына арналаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Роза Бағланова атындағы «Қазахконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалимен шығармашылық кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесу барысында Ерлан Рысқал Иса Байзақовтың шығармашылығы, оның қазақ мәдениетіндегі орны мен болашақ ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Өнерпаз оқушыларға орындаушылық шеберлік, ұлттық музыканың қадірі мен сахна мәдениеті жайлы пайдалы кеңестер берді.

Шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар Ерлан Рысқалдың шынайы сұхбатынан әрі әсерлі әндерінен рухани шабыт алып, шығармашылыққа деген ықыластарын нығайтты. Кеш соңында ұстаздар мен оқушылар өз пікірлерін білдіріп мектеп директоры Калиева Жанар Сериковна алғыс айтып гүл шоқтарын табыстады.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 285 гостей и нет пользователей