2026 жылдың 4 наурыз күні №1 балалар музыка мектебінің 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ғасырлар пернесі» іс-шаралар циклы аясында мектептің ардақты ұстазы Мырзабаева Светлана Карашқызымен «Әнмен өрілген ғұмыр» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.

Кеш барысында ұстаздың өнер жолы, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен жетістіктері кеңінен насихатталды. Музыкалық кештің шырайын «Серпін» домбырашылар ансамблі мен ұстаздың талантты шәкірттері келтіріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, кешке арнайы шақырылған қонақтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шараның шарықтау шегі ретінде «Дарын» тобы орындаған «Ұстазым» әні кешке ерекше әсерлі нүкте қойды. Аталған кездесу кеші ұстаз еңбегін ұлықтап, өнерге деген құрмет пен шәкірт пен ұстаз арасындағы рухани байланысты тағы бір мәрте айқындады.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 22 гостя и нет пользователей