2026 жылдың 7 наурыз күні “Эстрадалық вокал” бөлімінде Ана туралы әндерден “Екі жұлдыз ” фестивалі өтті. Фестивальдің басты мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, отбасы арасындағы байланысты нығайту және өнерге деген қызығушылықты дамыту болды. Фестивальге қатысқан әр жұп ана туралы әндерді орындап, өздерінің таланттары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
     Сахнада ата-аналар мен балалардың бірге ән айтуы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Әрбір өнер көрсеткен жұп өздерінің үйлесімділігімен, шынайы сезімімен және сахналық мәдениетімен ерекшеленді. Көрермендер қатысушыларды жылы қол шапалақпен қолдап отырды.
   Фестиваль соңында барлық қатысушыларға дипломдар табысталды. Бұл шара ата-аналар мен балалар арасындағы сүйіспеншілікті арттырып, Ана күні мерекесінің маңызын тағы да айқындай түсті.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 22 гостя и нет пользователей