2026 жылғы 2–15 маусым аралығында мектебімізде «Өнер өлкесі» жазғы музыка мектебі өз жұмысын жүргізді.
Алғашқы күндері оқушылар бір-бірімен танысып, мектептің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Жазғы мектеп барысында балалар музыка сабақтарына белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Әртүрлі музыкалық ойындар мен танымдық іс-шараларға қатысу арқылы жаңа достар тауып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерді бастан өткерді.
Жазғы музыка мектебінің басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сонымен қатар, мектебіміздің домбырашылары, дәстүрлі әншілері мен эстрадалық вокал сыныптарының 200 жуық өнерпаздары Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік концерттерге дайындалып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетуде.





