2018 жылдың 15 қыркүйегінде, Астана қаласы Білім Басқармасы және №1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен Астананың 20-жылдық мерейтойына арналған қалалық «Жас музыкант» байқауы өткізілді. Балаларды отаншылдық сезімге тәрбиелеу барысында, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, әлемдік классикалық музыка мәдениеті мен өнеріне баулу мақсатында өткізілді.
• Байқау екі номинация бойынша өткізілді: жеке орындаушылар және ансамбльдер. Жеке орындаушылар байқауы ішекті аспаптар бөлімінде: кіші (7-9), орта (10-12) және жоғары (13-17) топтарда өтеді.
Үрмелі аспаптарда: кіші топ (7-10), орта (11-13), жоғары (14-17).


Байқауға төрелік еткендер:
Астана қаласының «Академия солистов» мемлекеттік оркестрінің әртісі, халықаралық байқаулар лауреты, қазақ ұлттық өнер университетінің скрипка пәндік циклдық комиссиясының төрағасы, World Рeace Philharmonic оркестрінің шақырылған концертмейстері.
Касенов Диар Рашитович
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Нургалиев Еркат Какибаевич
Мәдениет саласының үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулар лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті.
Дүйсембаев Асқар Самратович
Байқауға №1, 2, 3 Балалар музыка мектебінің оқушылары қатысып өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Жеңімпаздар білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Байқау нәтижесі:
Кіші топ скрипка: ІІІ орын №2БММ –Ерұлан Ә. жетекшісі: Долгова Е.А.
ІІІорын №3БММ –Ищанова А.жетекшісі: Целенко И.Г.

Кіші топ үрмелі аспаптар:

І орын №3БММ Цветцих П жетекшісі:Умаров С.К.
ІІ орын №2БММ Кадырова М жетекшісі: Сейтмулина Л.К.
ІІІорын №3БММ Тұрсынбекова З жетекшісі:Муканова Б.Б.
ІІІорын №3БММ Шмидт Д жетекшісі: Сайдалин Г.М.

Орта топ срипка:

І орын №1БММ Тұрар А. жетекшісі: Сеитова З.Д.
ІІ орын №1БММ Мұратқызы А. жетекшісі: Сеитова З.Д.
ІІ орын №1БММ Габдсаттарова Ж. жетекшісі: Кокижанова А.К.
ІІІ орын №2БММ Шакаримова Л. жетекшісі Долгова Е.А.
ІІІ орын №3БММ Бережинская Н жетекшісі:Аимбетов Ш.К.


Орта топ үрмелі аспаптар: І орын №2БММ Голубаева К. жетекшісі: Сейтмулина Л.К.
Жоғары топ үрмелі аспаптар: І орын Мырзаханова А
ІІ орын Ляшок Д жетекшісі: Сейтмулина Л.К.

 

 

 

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2021

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1@list.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 43 гостя и нет пользователей