2018жылдың 9-11 қараша күндері «Балаларға арналған әлеуметтік әріптестікті дамыту» тақырыбында ІІ халықаралық ғылыми –практикалық конференцияға мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Конференция мақсаты:
Еуразиялық және еуропалық одақ елдерінің ұлттық білім берудің, ұлттық жүйесінің, мұғалімдердің серіктестік қарым-қатынастарын дамытуға және сындарлы өзара әрекеттесуіне үлес қосып, «Назарбаев Зияткерлік мектебін басқару» кластері шеңберіндегі интеграциялық үдерістерде әлеуметтік әріптестердің рөлін түсіну.
Конференция «Астана қаласының № 47 Балабақша мектеп-гимназиясы» оқу-әдістемелік кешенімен жүзеге асырылатын « Ғылыми-зерттеу жұмыстары негізгі және қосымша білім берудің интеграциясы» білім беру жобасы шеңберінде өткізіледі.
Форумға қатысушылар: ғалымдар, орта оқу орындарының оқытушылары, университеттер, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ассоциациясы, шетелдік серіктестер: Әзірбайжан, Украина, Польша, Ресей, Қырғызстан, Словакия, Литва.
№1 балалар музыка мектебі де өз үлесін қосты. «Роль дополнительного образования в интеграционном процессе» тақырыбында мектеп директоры Канапиева Саулеш Толегенқызы баяндама оқыды.
«Шығармаларды мәнерлеп орындау. Ансамбльдық жарасымдылығы мәселесі» тақырыбында Сагатова Айгуль Жайлауқызы шебер- сабақ өткізді.
«Астана» ұлт аспаптар оркестрі жетекшісі Шолпан Қорғанбек, «Тұмар» қобызшылар триосы, жетекшісі Кентбаева Гүлнар Бейсенқызы, Сүгір Азиза Темірланбекқызы жетекшілігімен Закіржан Нұрия сынды оқушылар концертке қатысып келген қонақтарды таңқалдырды.

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 90 гостей и нет пользователей