2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және «Ұлы дала жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді .
Аталған іс –шараға ҚазҰУ-дың «Музыка және композиция» кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алпейісова Гүлнар Тұяқбайқызымен кездесу өткізілді.
Осы іс-шарада Ұлы дала жеті қыры мақаласының екінші тармағындағы «Тарихи сананы жаңғырту» , бесінші бөлімі «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тақырыбы терең талқыланды. Бұл жолдау заманауи музыка білімі үшін үлкен бір жаңашылдық , біздің фольклорымыз өнеріміз бірегей мемлекеттің назарында екненін білдіреді, сондықтан мыңжылдық музыкалық тарихы бар дәстүрімізді өсіп келе жатқан ұрпаққа өз қалпымен жеткізу.
Фольклор дегеніміз этносқа, тілімізге , өмірімізге ,тарихқа, этногенезге, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени дамуымызға байланысты.
Зерттеушілердің айтуынша, фольклор - халықтың дүниетанымын, оның даналығын және шығармашылық тәжірибесінің мұрасы, этнопедагогикалық мәдениеттің негізі болып табылатын мораль, этика, этностың тарихи жетістігі ғана емес, сонымен бірге қоғамның рухани байытуының көзі болып табылады. Осы ретте халық музыкамызды балаларға «этносольфеджио» пәні арқылы үйрету, дамыту болып табылады.

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 67 гостей и нет пользователей