Кожахметова Майя Еркиновна
Фортепиано бөлімінің меңгерушісі, фортепиано мұғалімі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған, ҚР Білім және мәдениет саласындағы «Алтын кітап» республикалық энциклопедияға енгізілген, «Фортепианоға арналған қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулері» жинағының авторы.
Фортепиано бөлімі 1991 жылы мектеп ашылғаннан құрылды, жоғары кәсіптік оқыту ең басынан мақсатқа қойылған. Бөлім басшылығында скрипка және гитара сыныптары да бар. Бірнеше оқытушыдан бастап бөлімде қазіргі кезде 120 оқытушыға жетті, оның ішінде 41 мұғалім және 16 сүйемелдеуші. Біздің оқытушылар ынтымақтастық, шығармашылық, өз жұмысын әрдайым жақсартуға ұмтылуымен ерекшеленеді. Мектеп педагогтарының көп жылдық тәжірибесінің, ынта-жігердің, бірлесіп жұмыс атқарудың арқасында фортепиано бөлімі оқушылары халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі байқауларда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Бөлімнің бастамасымен «Шапшан саусақтар» этюдтер сайысы, республикалық «Жас жұлдыз» байқауы, жас музыкант байқаулары өтіп тұрады, дәстүрлі түрде жылда өтетін іс-шаралар: ансамбль кеші, джаз кеші, музыкалық қонақжайлар және т.б. көптеген қызықты концерттер ұйымдастырылып өткізіледі.

 

 

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 38 гостей и нет пользователей