Қазақ ұлт аспаптар оркестрі


2019 оқу жылы «Астана» оркестрі қазақ ұлт аспаптар оркестрі деп өзгертілді, жетекшісі жас маман Мәкенов Еламан Дулатбекұлы тағайындалды .

        Ұжымдық саздандырумен халық аспаптар бөлімінде айналысатын  ҚР Мәдениет   қайраткері, композитор Қорғанбекова Шолпан Ділдәбекқызы. Оркестр жұмысын   ұйымдастыруда репертуар таңдау да оқушылардың білім-білік, тәрбиесіне, ұлттық өнерді   түсініп, қабылдауына ықпал жасайды. Сондықтан репертуар бүгінгі күн талабына сай терең   мазмұнды, көркемдік талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас   ерекшеліктеріне, аспаптарда ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес таңдалады. Шолпан Ділдәбекқызы   қазақтың ұлттық музыкасын насихаттауға бағытталған әр түрлі жанрда шығармалар  жазады,   оның ішінде «Домбырашылар ансамбліне арналған күйлер мен шығармалар» жинағы,     «Әлқисса- аманат» кітабының, «Елім-ай» оқу құралының, «Шаттан Елім!» оқу- әдістемелік     құралының, «Бала бақыты» әндер жинағының  авторы.

        2005 жылдан бастап республикалық жас – музыканттар байқауында ең алғашқы болып  1   орынға ие болған. 2008 жыл , 2011 жыл , 2013 жыл республикалық жас – музыканттар   байқауларында  Бас жүлде иегері. Шетелдерде қазақ ұлттық музыкасын насихаттау мақсатында Ресей , Түркия , Францияда өткізілетін  халықаралық фестивальдеріне белсене қатысады.

 

 

«Астана» ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастырып жыл сайынғы 6 шілде күні 500 оқушыға жуық оркестірлерді біріктіріп Елордамыздың орталық алаңдарында өз өнерлерін көрсетеді.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 47 гостей и нет пользователей