2024 жылдың 7 маусым күні №65 мектеп-гимназиясының акт залында Мектебіміздің мектеп бітірушілерінің салтанатты түрде куәлік тапсыру кеші өтті. 2023-2029 оқу жылы мектебімізді 153 оқушы аяқтады, әр бөлімге бөлгенде халық аспаптар бөлімін - 75 оқушы, дәстүрлі ән бөлімін -14 оқушы, фортепиано,скрипка,гитара аспаптары бөлімдерінде - 27 оқушы, эстрадалық вокал бөлімінде -21 оқушы, үрлемелі аспаптар бөлімін- 6 оқушы, хореография бөлімін- 9 оқушы, соқпалы аспап – 1 оқушы музыкалық білімдерін ұштап оқуларын ойдағыдай аяқтады. Аталған іс-шарада мектеп директорының міндетін атқарушы Мырзакулова Урлай Жанабаевна түлектерге ақ жол тілеп куәліктерін табыстады және «Ару» би ансамблі жетекшісі Р.И.Мусин, мектеп бітірушілерден құралған домбырашылар ансамблі жетекшісі Д.Қ. Орынбаева, мектеп бітіруші оқушылардан құралған эстрадалық вокал тобы өнерлерін көрсетіп ата-аналардың қошеметіне иеленді. Кеш соңында мектеп бітіруші Атымтай Аружан ұстаздарға өз тілегін арнап мектебіміздің кішкентай өнерпазына скрипка кілті табысталды , ал ата-аналар тарапынан Жокежанова Салтанат Қанатқызы мектеп ұжымына ризашылығын айтып, балаларға жылы лебізін білдіріп, Ақ жол тіледі.




















