2026 жылдың 10 маусым күні №62 мектеп-гимназиясының акт залында музыка мектебі түлектеріне куәлік табыстауға арналған салтанатты кеш өтті.

    Биыл музыка мектебін 130 оқушы тәмамдап, өнер жолындағы алғашқы маңызды белестерінің бірін бағындырды. Салтанатты іс-шара барысында түлектердің жылдар бойы жинаған білімі мен шығармашылық жетістіктері атап өтіліп, оларға куәліктер табысталды.

    Кештің концерттік бағдарламасы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. «Сол балалық шақтың тәтті естелігін еске салатын құттықтау нөмірін қабыл алыңыздар!» деген ізгі тілекпен кіші сынып оқушылары «Сырлы саз» домбырашылар ансамблі өз өнерлерін тарту етті. Сонымен қатар жас өнерпаздар орындаған «Астана туралы ән» көпшілік көңілінен шықса, түлектер хоры мерекелік кештің сәнін келтірді. Іс-шараның ең әсерлі сәті – мектеп директоры Жанар Серікқызы Қалиеваның  құттықтау сөзі болды. Ол түлектерге ақ жол тілеп, музыка өнеріне деген сүйіспеншіліктері мен еңбектерінің алдағы уақытта да жемісті болуына сенім білдірді. Содан кейін түлектерге музыка мектебін аяқтағаны туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды.

   Бұл мерекелік кеш түлектердің жадында мәңгі сақталатын жарқын естелікке айналып, олардың шығармашылық жолындағы жаңа белестерге бастар қадамы болды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 4 гостя и нет пользователей