Жоба
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған
V қалалық «Шуақ» вокалды -аспаптық фестиваль- байқау
Ереже
2025 жылдың 13 ақпанындағы «Астана қаласы бойынша олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» № 275 бұйрығына сәйкес «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Шабыт» жобасы аясында және №1 балалар музыка мекетбінің 35 жылығына ұйымдастырылуда.
Байқауды ұйымдастырушылар – ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы «№1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың вокалды -аспаптық орындаушылыққа қызығушылығын дамыту;
2.Шығармашылық әлеуетін ашу;
3.Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы шығармашылық және мәдени байланысты нығайту және кеңейту;
4.Ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында вокалдық және аспаптық өнерді танымал ету және насихаттау;
5.Балалардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.
Байқаудың өткізу тәртібі
Байқауға музыка мектептері және өнер мектептері, арнайы мектеп өнерпаздары қатыса алады.
- Өткізілетін күні: 2026 жылдың 9 қаңтар
Өткізілетін орны: №1БММ , желтоқсан көшесі, 36. Акт залы
- Вокалдық-аспаптық орындау номинациясында (үрлемелі аспаптар, фортепиано, домбыра т.б аспаптар, вокал, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән)
- Қатысуға өтінім, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі , диагноз туралы анықтама және ПМПК қорытындысы көшірмесін, 2025 жылдың 25 желтоқсанға дейін № 1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыру комитетіне Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайға тапсырылады.
Өтініште көрсетілген қатысушылардың өнер көрсету бағдарламасы мен реті өзгертілмейді.
Байқау шарты
Байқау төрт жас санатында өтеді:
* 7-9 жас
*10-11 жас
*12-13 жас
* 14-15 жас
Орындау бағдарламасы:
Қалауы бойынша бір шығарма орындалады.
Бағалау критерийлері:
* Интонация тазалығы, ырғақ сезіну, орындаудың мәнерлілігі.
* Сахна мәдениеті
Қазылар алқасы, марапаттау:
*Байқаудың қазылар алқасының құрамында өнер саласындағы белгілі ұстаздар мен орындаушылар.
- Әр жас тобы бойынша фестиваль –байқауы жеңімпаздары білім басқармасының I, II, III дәрежелі «Дипломмен» және қатысқаны үшін грамоталармен марапатталады.
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.