Музыка және өнер мектептері халық аспаптары бөлімі жас музыкант оқушыларының арасында қашықтағы «Жас талап» байқауы.

2020 жылдың 30 наурыз - 10сәуір аралығында музыка және өнер мектептері халық аспаптары бөлімі оқушылары арасында қашықта қалалық «Жас талап» байқауы өткізілді. Байқау домбыра және қобыз номинациясы бойынша , 8-10, 11-13, 14-17 жас аралығында өткізілді. Аталған іс -шараға елордамыздың қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары атсалысты, атап айтқанда №1, 2, 3 музыка мектептері, №1, 2 өнер мектептерінің 50ге жуық оқушылары қатысып жүлделі орындарға иеленді. Жеңімпаздар және қатысушылар дипломмен марапатталды.


Домбыра номинациясы:
Бас жүлде - Манарбек Әділ, І орын – Мирамбек Кәрім,
Қуанышбек Мұханбет, Мамырбаев Абылайхан, Ғабасс Ғалымжан.
ІІ орын – Жәнібек Шапағат, Молдабек Әлихан, Байнұр Сйла,
Байзрахманов Әлижан.
ІІІ орын – Вазиров Амир, Нармаханов Алихан, Нұрланқызы Айбике, Темирова Медина, Мұхамед– Рахым Әлихан, Амангелдиев Олжас.

Қобыз номинациясы:
І орын – Сагиндик Камиля,
ІІ орын – Толеукулова Мерей, Байхан Нұрдана
ІІІ орын – Құсайын Дәмелі, Рзаева Арина, Қарасай Венера.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Өнердің биігінен көрініңіздер!

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 76 гостей и нет пользователей