Композитор, дирижер, ұлағатты ұстаз Мұхаметқали Тналин атындағы І қалалық «Есілім - Еркем» өнер байқауы.

2024 жылдың 13 сәуір күні Білім басқармасы №1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен Елордамыздың танымал композиторы, күйші, ұстаз Мұхаметқали Тналин шығармаларын насихаттау, музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында «Есілім еркем» өнер байқауы өткізілді.
Сайыста қазылар алқасы ретінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тоқтаған Айтжан Есенұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, қобыз сыныбының оқытушысы Тналина Шолпан Касымбековна, Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік Академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Жахин Тоғжан Серікұлы шақырылды. Сонымен қатар байқауды салтанатты түрде мемлекеттік филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі ашты әнмен көркемдеген Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Ерлісұлы Танабаев.
Байқау жеке орындаушылар және ансамбльдер арасында өткізілді. Аталған іс-шарада Елордамыздың музыка мектептерінің ұлт аспаптар оркестрлері, фольклорлық ансамбль, қобызшылар, домбырашылар ансамбльдері қатысты. Жалпы 192 оқушы қатысып өз өнерлерін шыңдап, жүлделі орындарға иеленді. Жеңімпаздар және қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 167 гостей и нет пользователей