«Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Шабыт» жобасын іске асыруда, Астана қаласы №1балалар музыка мектебінің 35-жылдық мерейтойын мерекелеудегі қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауы

          2025 жылдың  31 қазан  күні  Білім басқармасы, №1 балалар музыка мектебінің   ұйымдастыруымен Адал азамат »   біртұтас тәрбие бағдарламасы  бойынша «Шабыт» жобасын іске асыру, ұлттық мәдениетті, дәстүрді дәріптеу, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, Астана қаласы №1балалар музыка мектебінің  35-жылдық мерейтойын мерекелеуге жалпы білім беру ұйымдарының  білім алушылары  арасында   қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауы өткізілді.  Сайыста қазылар алқасы ретінде   Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының  «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Жахин Тогжан Серикович, №1балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының  педагогі, қосымша білім беру үздігі  Омарова Эльмира Барлыбаевна, №1балалар музыка мектебі дәстүрлі ән  айту сыныбының  педагогі Ахметов Бауыржан, №1балалар музыка мектебі қобыз сыныбының  педагогі Секимова Самал Балгабековна шақырылды.

Байқауға  кіші, орта , жоғары топ арасында домбыра, дәстүрлі ән, қобыз  және ансамбльдер номинациясы бойынша   184 оқушы қатысып өз өнерлерін көрсетті, жүлделі орындарға иеленіп Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 94 гостя и нет пользователей