2026 жылдың 9 қаңтарында ерекше білім қажет ететін жас музыканттар арасында V  қалалық «Шуақ» вокалды-аспаптық байқауы өткізілді.

     Шараның мақсаты -ерекше білім қажет ететін балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Фестиваль-байқау барысында қатысушылар аспапты және вокал бойынша өнер көрсетті. Әрбір қатысушының өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, балалардың талпынысы мен еңбегі ерекше аталып өтілді.

     Іс-шара жақсы өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады. Фестиваль соңында барлық өнер көрсеткен оқушылар арнайы диплом және тәтті сыйлықтармен марапатталды. "Шуақ" фестиваль-байқауы-ерекше балалардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың мүмкіндіктері шексіз екенін дәлелдейтін маңызды мәдени шара.

     Байқауға төрелік етуге №2 арнайы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебер Иманбаева Гульмира Еркеновна, №1 балалар музыка мектебінің педагогі Казамбаев Адиль Алиевич, №1 балалар музыка мектебінің  педагогі, педагог-зерттеуші  Мамышева Наргиза Темуровна шақырылды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 64 гостя и нет пользователей