2026 жылдың 9 қаңтарында ерекше білім қажет ететін жас музыканттар арасында V қалалық «Шуақ» вокалды-аспаптық байқауы өткізілді.
Шараның мақсаты -ерекше білім қажет ететін балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Фестиваль-байқау барысында қатысушылар аспапты және вокал бойынша өнер көрсетті. Әрбір қатысушының өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, балалардың талпынысы мен еңбегі ерекше аталып өтілді.
Іс-шара жақсы өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады. Фестиваль соңында барлық өнер көрсеткен оқушылар арнайы диплом және тәтті сыйлықтармен марапатталды. "Шуақ" фестиваль-байқауы-ерекше балалардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың мүмкіндіктері шексіз екенін дәлелдейтін маңызды мәдени шара.
Байқауға төрелік етуге №2 арнайы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебер Иманбаева Гульмира Еркеновна, №1 балалар музыка мектебінің педагогі Казамбаев Адиль Алиевич, №1 балалар музыка мектебінің педагогі, педагог-зерттеуші Мамышева Наргиза Темуровна шақырылды.








