Астана қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Менің елім» патриоттық әндер байқауы

 2018 жылдың 5 мамырында сағ: 10:00 Астана   қаласының Білім басқармасы және №1 Балалар   музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Болашаққа   бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   қалалық «Менің елім» патриоттық ән байқауы   өткізіледі.
 Байқаудың әділқазылар төрайымы – ҚР мәдениет   қайраткері , ҚазҰӨУ эстрада вокал кафедрасының   аға оқытушысы Раушан Ерасылова.
 Әділқазылар мүшелері - ҚазҰӨУ аға оқытушысы   Боранбаева К. С.
 Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы   Наурызбаева И.Р.
 төрелік етеді.
 Байқау мақсаты:
 - Қазақстандық патриотизм мен елжандылыққа баулу
 - Тәуелсіз азамат- патриот тұлғаны тәрбиелеу
 - Талантты ,қабілетті оқушылар таңдау және   шығармашылық орта құру
 Байқау 7-12, 13- 17 жас ерекшелігі бойынша   өткізілді.
Байқауға Астана қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің 50 ге жуық оқушылар қатысуы күтілуде.
Байқау жеңімпаздары және жетекшілері Астана қаласы білім басқармасының мақтау қағазы және Алғыс хатпен марапатталады.

Өткізілетін орны: №1 Балалар музыка мектебі
Желтоқсан көшесі 36, тел;314386
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жанар Шерханқызы Оралбаева ,тел.87714213186

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 134 гостя и нет пользователей