Астана қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауы

 

2017 жылдың 13 желтоқсанында сағ: 10:00 Астана қаласының Білім басқармасы және №1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауы өткізілді.


Байқауға Астана қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің 70 жуық оқушылары қатысты.
Байқау жеңімпаздары сыйлық пен Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Байқаудың әділқазылар төрағасы – ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші композитор ,дирижер Секен Тұрысбек .
Әділқазылар мүшелері - ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚазҰӨУ дәстүрлі ән кафедрасының аға оқытушысы Қапаш Құлыш.
Халықаралық, республикалық байқаулар лауреаты , «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоқсабанов Ержан Серікұлы сынды майталмандар төрелік етті.


Байқау мақсаты: отаншылдық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, қазақ мәдениеті мен өнеріне баулу, ұлттық дәстүрді насихаттау, талантты, қабілетті оқушыларды таңдау, жас дарынды оқушылармен шығармашылық орта құру.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
- Домбыра аспабы
- Дәстүрлі ән айту
- 8-10, 11-13, 14-16 жас аралықтағы оқушылар қатысты

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 240 гостей и нет пользователей