«Күмбірлеген домбыра үні» байқауы

2018жылдың 14 желтоқсанында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:Отаншылдық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру,қазақ мәдениеті мен өнеріне баулу, ұлттық дәстүрді насихаттау, талантты, қабілетті оқушыларды таңдау,
жас дарынды оқушылармен шығармашылық орта құру.
Байқау екі бағытта өтті:домбыра аспабы, домбырамен ән айту.
Байқауға төрелік етуге өнер майталмандары, қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары күйші, дирижер Сагатова Аигуль Жайлауовна, Сарина Гульвира Айхановна , №1балалр музыка мектебінің дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Қашқабаева Торгун Оспановна, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының әртісі,күйші Айткулов Естай Откулбаевич шақырылды.
Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.

 

 

 

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2021

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1@list.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 49 гостей и нет пользователей